Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Қазақстан территориясын климаттық аудандастыру



бет5/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қазақстанның физикалық гегр

Қазақстан территориясын климаттық аудандастыру.
Қазақстанда климатты ерекшеліктеріне қарай аудандастыру принциптерімен атақты климатологтар Б.П.Алисов пен А.А.Борисов айналысты. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда климаттық жағдайлар негізге алатындықтан, олар Қазақстан жерін (таулы аудандар қосылмайды) ылғал және жылу қорына қарай агроклиматтық аудандарға бөлді:

  1. Республиканың ең салқын және ылғалды өңірі болып саналатын қиыр солтүстік, ылғалдылық коэффициенті 1-ге тең. Сондықтан дәнді дақылдармен бау-бақша дақылдарын өсіру ұйымдастырылған.

  2. Қуаң қоңыржай жылы агроклиматтық облыс, оған Солтүстік Қазақстан облысы жатады. Ылғалдылық коэффициенті 0,7-1, жаздық бидай, тары, бұршақ және жүгнрі өсіруге қолайлы.

  3. Қуаң жылы облыс. Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары жатады, жаздық бидай және жүгері өсіруге тиімді.

  4. Аса қуаң жылы облыс. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе және Семей, бұрынғы Торғай мен Жезқазған облыстарының солтүстігі жатады, ылғалдылық коэффициенті 0,5-0,7, күнбағыс, жүгері, картоп.

  5. Ауасы құрғақ жылы облыс, бұл 4 облыстың оңтүстігінде ендік бағытта батыс және шығыс шекараларға дейін созылады, егіс дақылдарының өсіп жетілуіне ылғал жеткіліксіз болып табылады.

  6. Ауасы құрғақ, қоңыржай ыстық облыс, оған Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбенің орталығы және бұрынғы Торғай облысының оңтүстік жағы жатады, ылғал мөлшері жеткіліксіз және топырағы сортаң болып келеді. Сондықтан мал шаруашылығына қолайлы.

  7. Ауасы тым құрғақ, қоңыржай ыстық облыс, бұл 6 облыс оңтүстікте қалыптасқан, мал шаруашылығы өсіріледі.

  8. Тым құрғақ ыстық облыс.Қазақстанның оңтүстік жазықтық бөлігін қамтиды, ылғалдылық коэффициенті 0,1-0,3. Бетпақ Дала мен Мойынқұм және т.б. шөлді аудандар мал жайылымында пайдаланады. Ол сырдария мен Шу өзенінің жайылмаларында күріш, жүзім және т.б. бақша дақылдары өсіріледі.

  9. Аса құрғақ және өте ыстық облыс. Қазақстанның оңтүстігі шөлді аудандарды қамтиды, қой және ірі қара мал шаруашылығы мен жүзім егісі дамыған.

  10. Сарыарқа облысы, мал шаруашылығы дамыған. Ылғалдылық коэффициенті 0,1-0,2.

  11. Зайсан қазан шұңқыры, ылғалға тапшы, ылғалдылық коэффициенті 0,2-0,5, мал шаруашылығы мен суармалы егін шаруашылығы өсіріледі.

  12. Жоңғар Алатауының тауалды және жазықтықтары, ылғалдылық коэффициенті 0,3-0,5, мал және суармалы егіншілік.

  13. Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, мұндағы температуралық жағдай техникалық дақылдар және бау-бақша өсіруге қолайлы.

  14. Іле Алатауының тау бөктерлері. Ылғалдылық коэффициенті 0,5-0,7. Климаттық жағдайы күздік және жаздық дәнді дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, темекі өсіруге тиімді.

  15. Іле аңғары-бұл Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ең құрғақ әрі ыстық агроклиматтық облыс, суармалы егіншілік, бидай, қант қызылшасы мен темекі өсіріледі.Ылғалдылық коэффициенті 0,7-0,8.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет