Тақырыбы: Б. Майлин, С. Сейфуллин, І. Жансүіров шығармашылығының көркемдік ерекшелігі


«Көкшетау» поэмасы – күрделі композицияға құрылған, сан алуан образдар галереясы жасалған, бірнеше сюжеттік желісі бар



бет2/6
Дата22.10.2022
өлшемі49,63 Kb.
#44963
1   2   3   4   5   6
«Көкшетау» поэмасы – күрделі композицияға құрылған, сан алуан образдар галереясы жасалған, бірнеше сюжеттік желісі бар шығарма.
С. Сейфуллиннің қаламынан туған «Тар жол, тайғақ кешу», «Жер қазғандар», «Айша», «Жемістер», «Бандыны қуған Хамит», «Жұбату» атты прозалық шығармалары, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» деген пьесалары«Қазақ әдебиеті», «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» сияқты зерттеу еңбектері қазақ әдебиетіне қосылған құнды мұралар қатарына жатады.
Сталиннің жеке басына табыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 26 ақпанда ату жазасына кесілген.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, әлеуметтік өмірдің қайшылықтары мен күрделі оқиғаларын шындық болмысымен суреттей білген Бейімбет (Бимағамбет) Жармағанбетұлы Майлин 1894 жылы Торғай өңірінде Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келген. Әкесінен екі жасында жетім қалған Бейімбет шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өскен.
Ауыл молдасынан сауатын ашқан Бейімбет 1910 жылы Әбдірахман Арғынбаевтың медресесінен дәріс алған. 1913-1914 жылдары Троицкідегі «Уазифа» мектебінен, одан кейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінен білім алған. «Ғалия» медресесінде татар халқының жазушылары Ғалымжан Ибрагимовпен, Мәжит Ғафуримен танысқан, олардан тәлім-тәрбие алған. Медреседе шығатын «Садақ» қолжазба журналында алғашқы көлемді туындысы «Шұғаның белгісі» жарияланған. 1916-1921 жылдары ауылда мұғалімдік қызмет атқара жүріп, ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбына «Қанды тұман», «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға», «Қанды кек» деген шығармаларын жазған.
Бейімбет Майлин 1923-1937 жылдары аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітап пен жинақ жариялаған.
Бейімбет Майлиннің әдеби шығармашылық мұрасын төмендегідей топтап көрсетуге болады.

Поэзиялық шығармалары

Прозалық шығармалары

Драмалық шығармалары

«Мұқтаждық»
«Мал», «Қарынға»
«Байлыққа», «Ажар»
«Қанды тұман»
«Кедей», «Қойшы»
«Қараша үй», «Қанай»
«Ақсуаттың жанында»
«Шал мен қыз»
«Мырқымбай»
«Рәзия қыз», «Ұлу»
«Қашқан келіншек»,
«Байдың қызы», т.б.

«Шұғаның белгісі»
«Сары ала тон»,
«Сексен сом»
«Шапайдың хаты»
«Айранбай», «Егеубай»
«Кеңес ағасы –
Кәмила»
«Раушан – коммунист»
«Қара шелек»
«Күлтай болыс»
«Арыстанбайдың Мұқышы»,
«Азамат Азаматыч» т.б.

«Шұға», «Жалбыр»
«Біздің жігіттер»
«Майдан», «Амангелді»
«Талтаңбайдың тәртібі»
«Шаншар молда»
«Ауыл мектебі»
«Неке қияр» «Көзілдірік»

Бейімбет Майлиннің ақындық шығармашылық жолы 1912 жылдан басталған. Ақынның «Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа», «Қарынға» өлеңдерінде кедейлердің ауыр халі, мұқтаждығы көрсетіліп, қоғамдағы әділетсіздіктер сыналса, «Қанды тұман», «Қанды кек» шығармалары 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі аласапыранды суреттеуге арналған. «Кедей», «Жауыз кім?», «Қысқы түнде», «Қараша үй», «Қойшы» шығармалары ауылдағы таптық теңсіздіктер зардабын көрсеткен. «Мырқымбай» топтама өлеңдерінде жаңа заманға сай кедейдің санасында туған өзгерістерді бейнелеген. «Қыздың сәлемі», «Қашқан келіншек», «Ақсуаттың жанында», «Аужар», «Рәзия қыз», «Маржан» шығармаларында әйел теңсіздігі сөз болса, «Шал мен қыз», «Азат әйел», «Ғазиза», «Ажар» өлеңдерінде азаттыққа қолы жеткен жастар жайы жырланған. «Құбақан», «Көзілдірік» өлеңдерінде адам бойындағы жағымсыз қылықтарды сықақ еткен. «Бүгін», «Құтты болсын мейрамың», «Кедейге», «Ұлы күн» өлеңдерінде кедейлердің қуанышына ортақтастығын білдіріп, олардың жаңа қадамын қуана құптаған. «Кедейге» деген өлеңінде:
Сенің зарың – зарлайтыным өмірде,
Сенің арың – арлайтыным өмірде.
Сен не көрсең мен де соны көрмекпін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге, –
деп, өзінің тілегі де, жүрегі де кедейлермен бірге екенін ақтарыла жеткізсе,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет