Тақырыбы: Б. Майлин, С. Сейфуллин, І. Жансүіров шығармашылығының көркемдік ерекшелігі



бет3/6
Дата22.10.2022
өлшемі49,63 Kb.
#44963
1   2   3   4   5   6
«Ұлы күн» өлеңіндегі:
Кедей деп туғам, кедей деп өлем,
Не көрсем де, кедеймен көрем.
Кедей қуанса, кедей жұбанса,
Бір елі көкке тимейді төбем, –
деген жолдар арқылы ақын бұл ойын нақтылай түскен.
Кедей тақырыбын өзінің қаламгерлік бағдарламасы етіп ұстанған Б. Майлин кедейлердің өкілі ретінде Мырқымбайды типтік бейне ретінде алып, осы тақырыпқа жиырма шақты поэзиялық шығарма жазған.
Б. Майлиннің ерекше көп жырлаған тақырыбы – әйел теңдігі мәселесі. Бұл тақырыпқа арнаған өлең-поэмалары: «Қыздың сәлемі», «Қашқан келіншек», «Ақсуаттың жанында», «Рәзия», «Маржан», «Зәйкүл», «Байдың қызы», «Шал мен қыз», «Азат әйел», «Ғазиза», «Тең әйел», «Ажар». Ал «Қанай», «Кемпірдің ертегісі» поэмалары 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысының шындығын суреттеуге арналған. Сонымен бірге ақынның балаларға арнаған «Хан күйеуі» және «Өтірікке бәйге» деген поэмалары бар.
Б. Майлин шығармашылығының ең тартымды да көркем саласы прозалық шығармаларының тұңғышы – әйел теңсіздігі тақырыбын ерекше ашып көрсеткен, қысқа-қысқа он үш тараудан тұратын «Шұғаның белгісі» повесі. Повестің тақырыбы – жастардың бас бостандығы, әйел теңсіздігі. Шығарманың кейіпкерлері:
Шұға – негізгі кейіпкер. «Төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен қыз. Аққұба, талдырмаш, көзі де қап-қара, өзі де үріп ауызға салғандай еді».
Әбдірахман – Шұғаның сүйген жігіті. Уәдеге берік, табанды, сүйгеніне адал, білімді, мінезге бай азамат. «Әбдірахман школды бітіргенде, дабысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек».
Есімбек Шұғаның әкесі, бай. Әбдірахман кедей болғандықтан, қызымен қосылуға қарсы болып, Әбдірахманға жала жабады, түрмеге отырғызады.
Айнабай бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып тұтандырып жүретін қызылкөз бәле.
Күлзипа – Айнабайдың қызы – жасы 17-лер шамасында. Орта бойлы, қара сұрлау, тік қабақ, сұстаныңқырап тұратын қыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет