Тақырыбы: Балалардың мектеп жасына дейінгі өмірінде сөйлеуінің қалыптасуы Жоспары


Сөйлеу ажыратылады: –айту –тыңдау (түсіну) –оқу –жазба



бет2/2
Дата03.10.2023
өлшемі17,66 Kb.
#112776
1   2
Байланысты:
Тіл дамыту-Балалардың мектеп жасына дейінгі өмірінде сөйлеуінің қалыптасуы

Сөйлеу ажыратылады: –айту –тыңдау (түсіну) –оқу –жазба.
Әдістеменің педагогикалық негізі сөйлеуді дамыту әдістемесінің жеке дидактика бола тұра, педагогиканың негізгі түсініктері мен терминдерін («мақсаты», «міндеттері», «әдістері», «тәсілдері» және т.б.), сондай-ақ оның тәрбиелеу және оқыту принциптері мен құралдарына, заңдылықтарға тиесілі орнын қолданатындығымен сипатталады. Балалардың танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің мәселесі, соның ішінде балалардың ҰОҚ маңызды орын алатын өнімді, ізденушілік немесе ішінара ізденушілік әрекеті әдістеме 16 үшін маңызды болып табылады. Тек осындай әрекет барысында ғана балаларда ойлау, шығармашылық қабілетінің негізін қалыптастыруға және жалпы әр баланың тұлғасының дамуына жәрдемдесуге болады. Әдістеменің физиологиялық негізін И.П. Павловтың сөйлеудің қалыптасу механизмдерін түсіндіретін екі дабылдық жүйе туралы білімі құрайды. И.П.Павлов мидың негізгі міндетін сыртқы әлемнен келетін дабылды қабылдау және ойлау деп атап өткен.

Тіл дамыту әдістемесі де басқа ғылымдар секілді қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірінің бірімен қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады. Адамдардың бір-бірімен пікір алысу құралы болмаса, табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруден күресі, тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар еді. Сондықтан да тіл түсінісудің, алысудың құралы бола отырып, қоғамның барлық мүшелеріне түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды. Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған айналадағы заттардың, құбылыстардың адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Яғни сол заттар, құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл арқылы баяндайды. Сол себепті де “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шыңдығы”. Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да: Ы.Алтынсарин “Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес” – деп көрсетеді. Сондықтанда “Білім беру Заңының” 5 бабына сәйкес балабақшада тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын жүйелі түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды қатесіз, анық меңгеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бақшада бала әрбір тіл дамыту оқу іс-әрекетінде үйренген жаңа сөздердің мағынасын толық түсінетіндей, ол сөздерді тәуелдеп, жіктеп, септеп айта білетіндей қарама-қарсы мағыналы, мағыналас, теңеу сөздер арқылы түсіндіретіндей дәрежеде жеткізілуі қажет. Бұл аталған бағдарламалық талаптар балабақшада әр топта өткізілетін тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен одан тыс кездегі ойын, еңбек жұмыстары арқылы іске асырылады. Тіл дамыту оқу іс-әрекеттерінде тәрбиешінің тағы бір ескеретін жағдайы әр топтағы балалардың өздерінің жас ерекшеліктеріне сай сөздік қорларын молайту болып табылады. Ал баланың сөздік қорының дамуы оның қоршаған ортадан алған әсерімен тығыз байланысты. Олай болса, баланың тілін дамытуда адамдардың еңбек процесін, табиғат құбылыстарын бақылату және белгілі бір объектілерде топсаяхатқа апаруда басты роль атқарады.





  • Үйге тапсырма

  • Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері.

  • Тіл дамыту әдістемесінің әдіснамалық негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет