Тақырыбы: Балалардың мектеп жасына дейінгі өмірінде сөйлеуінің қалыптасуы
Жоспары:
Тілдің қоғам өміріндегі және тұлғаның дамуындағы рөлі;
Мектепке дейінгі ұйымдарда ана тілін үйрету маңыздылығы.
Ана тілі – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ой және өнегелі тәрбиесінің қайнар көзі және құралы болып табылады. Балалардың мектеп жасына дейінгі өмірінде сөйлеуінің қалыптасуы – тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, себебі ана тілді білу бала санасының дамуымен, қоршаған әлемді тануымен, оның тұлға ретінде жан-жақты дамуымен тығыз байланысты. Бала балабақша қабырғасында қоғамдық тәрбие алады. Ол толыққанды дамудың барлық жағдайына, ересек адамның назарына тең құқығы бар құрдастар ұжымында ойнайды, жіргерлікпен еңбек етеді. Сөз балалардың ойындары мен ермектерін сүйемелдей отыра, олардың біріккен әрекетінің туындауына және дамуына көмектеседі: балалар өзара келіседі, пікірлерімен алмасады, кей кезде айтысады, сөйлеседі. Бала үшін ана тілі – балабақша қабырғасында ғылым негіздерін меңгеру кезінде білім байлығын ашатын кілт болып табылады. Ана тілі арқылы балаларды туған мәдениетіне қатыстырамыз: материалдық мәдениет (себебі бала өзін қоршаған тұрмыс заттарымен, техникамен және оның атауларымен танысады), рухани мәдениетке: көркем әдебиетке, фольклорға, өнерге. Бала жанды сөз бен бақылау арқылы оған қолжетімді қоғамдық өмірдің фактілерін, сондай-ақ заманауи қоғамның өнегелі көзқарасын қабылдайды. Тәрбиеші жылы сөздерді балаларға әсер етудің, олардың ақылды бейнесін қалыптастырудың маңызды құралы ретінде, білімді жеткізу құралы ретінде қолданады. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу бойынша міндеттерді сәтті шешу үшін балалардың дене және психикалық даму заңдылықтарын білу қажет. Балалардың сөйлеуін, бұл процестің мәнін, заңдылықтары мен механизмдерін психологтар, физиологтар, лингвистер, педагогтар, фольклористер ғылымдарының өкілдері зерттейді. Сөйлеуді дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар қатарында тұр. Тілді және оны практикалық қолдануға үйрету процесі оны зерттеудің пәні болып табылады. Әдістеме сөйлеуді дамытудың тиімді құралдарын, әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын олармен жабдықтауға арналған. Әрбір жеке әдістеменің, соның ішінде сөйлеуді ғылым ретінде дамыту әдістемесінің ерекшелігі оның басқа ғылымдарға сүйенбей жүзеге асырылмайтындығында және дамымайтындығында. Тілдің қоғам өміріндегі және және тұлғаның дамуындағы рөлі туралы теория, таным теориясы сөйлеуді дамыту әдістемесінің әдіснамалық негізі болып табылады. Бұл теориялық концепциялар тұрғысында ана тілді үйрету және бұл пәннің құралдарымен тәрбиелеу мәселелеріне жалпы келісімдер анықталады. Осылайша, әдістеме ғылым ретінде таным теориясы негізінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Ғылыми мәселелер практика аясында анықталады және олардың дұрыс шешімі практикамен тексеріледі.
Тілді адамдардың қарым-қатынас жасауының маңызды құралы ретінде, оның мұқтаждықтан, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігінен туындауының түсінігі балабақшада ана тілін үйрету мақсатын, олардың қоғам алдына қойылған талаптарға сәйкестігін анықтауға көмектеседі. Сөйлеуді дамыту әдістемесі келесідей практикалық міндеттерді шешуге бағдарланған қолданбалы ғылым ретінде есептеледі: оқытуды оңтайландыру жолдарын іздеуге, негізделген ұсынымдарды әзірлеуге, оқыту процесінің қатысушылары – тәрбиешілер мен балалардың күнтізбелік нақты материалдарын құруға. Әдістеменің лингвистикалық негізін тілді лексикалық, фонетикалық және грамматикалық деңгейлерде белгі жүйесі ретінде үйрену құрайды. Тілдің жүйелілігі балаға ана тілді меңгеруді түсінуге және түсіндіруге көмектеседі. Сөйлеуді дамыту әдістемесі сөйлеу дағдыларының құрамын және оларды қалыптастыру тәсілдерін, жұмыстың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін лингвистикалық циклдың алуан түрлі ғылымдарының деректеріне сүйенеді. Осылайша, фонетика сөйлеудің дыбыстық мәдениетінің әдістемесін әзірлеу және сауаттылыққа үйретуге дайындау үшін негіз болады; грамматика біліміне морфологиялық және синтаксистік дағдылардың қалыптасуы; лексикология біліміне – сөздік жұмыс негізделеді; лингвистика ең алдымен қалыпты өмірде синоним ретінде қолданылатын «тіл» және «сөйлеу» секілді түсініктерді ажыратуға мүмкіндік береді. Әдістеменің психологилық негізі жалпы, сондай-ақ жастық психологияның, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының тұжырымдары мен нақты білімдерінен құралады. Сөйлеуді дамыту әдістемесі үшін Л.С. Выготскиймен және оның мектебінің психологтарымен (А.Н.Леонтьевпен, Д. Б. Эльконинмен, П. Я. Гальперинмен, В. В.Давыдовпен және т.б.) ұсынылған «датымып оқыту» тұжырымдамасы негізге алынды. Сөйлеу әрекетінің теориясы сөйлеуді дамыту әдістемесі үшін маңызды болып табылады. Сөйлеу әрекеті деп адамдардың әртүрлі қарым-қатынас жағдайында өзара әрекеттесу барысында тілдік құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын, пікірлер құрастыру мен қабылдаудың мақсатты бағытталған және белсенді үдерісі түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |