Тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларға адамгершілік



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі8,8 Mb.
#13045
1   2
Байланысты:
Пед совет рефлексия

6 слайд.Көру жүйесі бұзылған балаларға жатқызылады:
  • 1.Зағип балалар. Жақсы көретін көзінің өзі көзілдірікпен ғана 0(0%)және 0,04 (4%)дейін көре алады. Тіпті бұл категорияға көзі мүмкіндігі
  • 1 (100%) балаларды жатқызады. Бірақ, олардың көру шегі тек 10-15 градус аралығын құрайды. Мұндай балалар толығымен дерлік зағип болып есептеледі. Өйткені, өздерінің танымдық және бағдарлау жұмыстарына олар көру мүмкіндігін шектік түрде қолдана алады. Осылайша, көздің мүлде көрмеуі зағиптықтың жалғыз критерий деп есептеуге болмайды.
  • 2.Көздері нашар көретін балалар. Осы категорияға көру қабілеті 0,05(5%)және
  • 0,4 (40) құрайтын балалар жатқызылады.
  • 3. Аз дәрежеде нашар көретін балалар. Көру қабілеті 0,5(50%)-0,8(80%) дейін. Ал қалыпты көретін балалар 0,9-1,0 (90-100%) шамасында көреді. Аталған категорияға жатқызылатын балалар қалыпты көретін балалар мен нашар көретін балалардың арасына жатқызылады. Сонымен қатар, соңғы аталған категорияға амблиопия және қылилығы бар балалар кіреді
    • Көру жүйесі бұзылған балалар
    • 7 слайд.Оқыту, тәрбиелеу, дамыту және реабилитация кезінде зағип балаларды бағытталған түрде келесі топтарға жіктейді:
    • 1). Мүлдем көрмейтін
    • 2). Жарықты сезетін зағип балалар. Бұл балалар тек жарықты көреді, яғни жарық пен қараңғылықты айыра алады. Сонымен қатар жарықты дұрыc бағдарлайтын және бағдарлай алмайтын балалар болады. Кейбірі жарықтың түсу бағытын айқын ажырата білсе, кейбірінің қолынан бұл келмейді.
    • 3). Жарықты, сонымен қатар түсті ажырата айыра алатын зағип балалар.
    • 4). Көру қабілетінің мыңның біріндей бөлігі сақталған зағип балалар. (0,005-0,009). Бұл кезде қолайлы жағдайда бала көз алдындағы қозғалыстарды, мысалы, қолдың серпілісін байқайды, сонымен қатар кескіндерді айыра алады. Медициналық карталарда мұндай көру қабілеті 0,005 түрінде белгіленеді.
    • 5). Формалық түрдегі зағип балалар. Бұл топқа көруі 0,01-0,04 шамасындағы балалар жатқызылады.
    •  
    • слайд. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – арнайы мамандар,оқытушылар тәрбиешілер. . Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан  көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесі - болуы шарт.
    • слайд. М.И.Зимцованың, А.Г.Литвактың, Л.И.Солнцеваның жұмыстары дәлелдегендей, дамуында кемшілігі бар балалар категориясындағы көру қабілетінен айырылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жеке ерекшеліктерін ескерсек, олардың бойындағы кемшіліктерді компенсациялауда есту қызметі арқылы, және сипап сезу арқылы кеңістікті бағдарлау қабілеті қалыптасып, сезіне алу мүмкіндіктері туады. Көру қабілетінің болмауы, координациялық жүріс - тұрыстың қалыптасуына кедергі келтіреді. Сондықтан, зағип балалардың қимыл – әрекеттері тұйықталған, ебедейсіз, сенімсіз, олардың орындалуында нақтылық жоқ. Олардың мінез – құлқындағы импульсивтілік әсіресе, қимыл – қозғалыстарын шартты түрде реттей алмауымен сипатталады.
    • слайд. Сондықтан дыбысты қабылдау- ерекше құндылық.олардың есту анализаторларының қызметі, көру анализаторларының орнын басады. Жалпы алғанда, көру қабілеті бұзылған балалар үшін есту қабілетінің маңызы ерекше. Ол заттардың өзара қатынасынан шыққан дыбысты белгі ретінде алдын ала пайдалануға мүмкіндік береді. Дыбыс затқа байланысты және қимылға байланысты белгіге айналғанда көру қабілеті бұзылғандардың әлеуметтік ортадағы ісі дәл, анық болады. Көретін жандарға қарағанда көру қабілеті бұзылғандардың өмірінде және іс-әрекетінде естудің маңызы өте жоғары.
    • Көру қабілеті бұзылған адамдар дауыс ырғағы интонациясына, қатты немесе жәй сөйлеуіне қарап, бөгде адамдарды тани алады, оның көңіл-күйін, мінезін, қоршаған ортаға көзқарасын, адамның психикалық хал-ақуалын анық біледі.
    • Дыбысты қабылдау
    • слайд. Тифлопсихология тарихында Д.Дидро, Клейн, Н.Дюфо «Көру мүмкіндігі шектеулі адамдардың есту қабілетінің артуы, жоғалған көру қабілетінің өтемі болып табылады» - деп атап көрсеткен.
    • Айта кету керек, көру қабілеті бұзылған балалардың есту сезімталдығы ерекше.
    • слайд.. Бұл орайда, балалардың музыкалық - ырғақты сезіну қабілетін, музыкаға бейімділігін арнайы мектеп бағдарламасына енген музыка және түзету ритмика сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып же Көру қабілеті бұзылған тұлғалардың музыкаға әуестену, әннің ырғағын ұшқыр сезіммен қабылдау қабілеттері жақсы қалыптасқан.
    • Түзету ритмика сабақтарында музыка арқылы балалардың қозғалыс кемшіліктерін түзетуге, кеңістікте бағдарлай білуге, олардың бойында қимыл икемділігі мен музыкалық сезім ырғағын қалыптастыруға мүмкіндік туғызамыз.
    • слайд.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін шешуде түрлі театралдық іс-әрекеттер, ертегі хикаялар, арнайы этюдтар, би жаттығулар, музыкалық ойындар ойнау, ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыканың ырғағына сай үйлесімді қимылдар жасау, балалардың музыка жанрын ажырата білуге, шығармашылық тәртібінің жаңа үлгілерін меңгеруге және оларды табиғи өмірлік жағдайларын өзгертуіне себеп болады.
    • Аталған міндеттерді шешуде әрбір баланың психологиясын, психикалық процестерін (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, сезу, түйсік, сөйлеу, қабілет) жасқа сай дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін анық білу қажет. Көру қабілеті төмен бала психикасының дамуына қажетті жағдай туғыза отырып, баланың
    • Тифлопсихология
    • эмоциялық-танымдық қабілеттерін дамыту мен қалыптастыруда жоғары да атап өткен психикалық процестерден басқа, музыкалық - ырғақтық сезіну қабілетінің мүмкіндіктерін, ортада қол-қимыл қозғалысындағы үйлесімділікті, дәлдікті, дене мен қолдың қозғалысқа түсуіндегі анықтықты қалыптастыру ұйымдастырылып отырады.
    •  
    • слайд. Балаларға сабақ сапалы да әсерлі болу үшін алуан түрлі тақырыптар алынып, тақырыпқа сай әдіс-тәсілдер қолданылады.
    • Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мiнез - құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк - жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiндi, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі.
    • Ағзаньң психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты. Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi
    • Тәрбие жеке тұлға
    • меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардьң мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады. Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді.Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін .
    • Бұл тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс - әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік – эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер үшін эстетикалық қабылдаудың көрнекі құралы жөнінде меңгерілмеген. Біздің байқауымыз және зерттеуіміз баланың ақпаратты жеткізудің әртүрлі тәсілдеріне, түсіне қарым – қатынасы іс - әрекеттің мағыналық жағына үлкен әсер етеді деп көрсетті. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер қоршаған ортаның әртүрлі тәсілмен қабылдағанына қарай ойын, еңбек, оқу әрекетінде эстетикалық баға беруге қабілетті.
    • Көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерде таным әрекетінің ерекшелігімен байланысты спецификаның эстетикалық қабылдауы және оның қызметі туралы сұрақ пайда болады. Нашар көретіндер мен көруі бұзылғандарда таным процесінің бұзылғаны қоршаған ортаны спецификалық, эстетикалық тұрғыда меңгеруге әкеледі. Оқуда, ойында, еңбекте сезімсіз қабылдау деген болмайды. Себебі көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндер көзбен көре алмағандықтан, оны ұстап, көру арқылы оны көз алдында, ойына  елестете отырып, оған өзінше баға береді.
    • Эмоционалды – эстетикалық тәрбиенің қатарына эстетикалық қажеттіліктің дамуы үлкен орынды алады. Олар екі түрде болады: жеке қажеттілік және көркемдік ғылыми жасағыш. Бірінші жағдай сияқты, екінші жағдайда да эстетикалық қажеттілік эмоционалдық қажеттілік үшін қызметі дайын. Бірінші жағдайдағы қажеттілік қоршаған ортадағы эстетикалық қарым – қатынастың жоғарлауында. Екінші жағдайдағы қажеттілік - өнердегі бағыт мақсатқа жетелейді. Балада көркем суретке, мүсінге, өнерге қызығушылығы эстетикалық қажеттіліктің көтерлуі. Бұл процесс неғұрлым ерте басталса, сол ғұрлым оқу процесінде эстетикалық қажеттілігінің  дамуының үлкен нәтижесіне жетуге болады. Жанары бұзылған баланың үйдегі тәрбиесі мен білімі алуы оның көзі құртылған жағдайына және оның басталу себептеріне орай ерекшеліктері болады. Көзі бұзылған баланың ата-анасы; тифлопедагог, психолог, офтальмолг, мамандарынан кеңес алып тұруы қажет. Балалармен жұмыс істеу барысында үлкендеесту көмегімен көру сынды көмекші талдамалар мен, айналадағы оқиғалармен хабардар етіп, қажетті түсінік беріп отырған жөн.
    • Компенсаторлы қайта құру  талдамаларының жетістігі көп жағдайда жанұядағы тәрбие мен білім беруге байланысты. Көруі бұзылған және нашар көретін балалардың мүмкіндігіне сәйкес жағдай жасаған маңызды. Артық аяушылық тәртібі немесе қисынсыз бағып-қағу көз ақаулығының жеке қалыптасуында қайшы пікір білдіреді. Сондықтанда тәрбиелеу кезінде балада жігерлік, сондай ақ жігерсіздік., менменшіл, кекшілдік, қорқақтық, немесе өз күшіне сенушілік, керенаулық немесе жауапкершілік, ашықтық пен араласқыштықнемесе тұйықтық пен үндеместік болуы мүмкін. Көруі бұзылғандық пен нашар көрушілік бала үшін әлеуметтік зардап болып есептелді. Көзі нашар бала өсіруші жанұяда айнала мен қарым – қатынасы және баланың өзімен араласу басқаша сипат алады. Үлкендер, жанұя мүшелері, таныстар өздерінің аяушылықтарын естірте айтып аяйды, бала аяушылық назарында, қамқорлық орталығында болады. Бұл баланың тәрбиесінде, оның қалыптасқан өз бағасы, адамдармен өзара қатынасы негізсіз айтылады.   
    • Қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін өмір құбылысы мен заттардың жеке қасиеттері мен сапасының адам санасында тұтас бейнеленетін психикалық процес. Көру функциясының бұзылуы көруі бұзылғанлардағы көріп сезінуінің әлсіреуіне алып келеді. Сезіну сферасындағы өзгерістер сезімдік бейнеленудің бірінші этапы, оның келесі этапы қабылдауға әсер етеді. Қабылдау процесінде әдетте бірнеше анализаторлар қатысады. Әртүрлі іс-әрекеттерді орындау кезінде осы немесе басқа анализаторлар жетекші орынды алады. Өмір жағдайы мен іс-әрекеттің мінездемесіне байланысты анализаторлардың біреусі үстем болады.
    • Осыған байланысты әрбір адамның өзіне тән қабылдау ерекшеліктері анықталды.
    • .Эстетикалық тәрбие өнер құралдары, яғни музыкада – дыбыс, суретте – бояу, әдебиетте сөз арқылы көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өмірдегі шындық пен әсемдікті сезіну қабілетінің дамуына ықпал жасайды.
    • Эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрын сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың шығармашылығы күн санап кеңейе түседі. Сонымен қатар эстетикалық рухани-тәрбиенің ішінде өнерге үлкен зейін аударып оны қоғам дамуымен тығыз байланыста қарастырады.
    • .Педагог Л.Выгоцкийдің сөзімен айтқанда, «Балалар шығармашылығының құндылығын нәтижиден емес, процестің өзінен көру қажет». Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығына ұқыптылықпен қарап, шығармашылыққа деген ұмтылыстарына шек қоймай, оларды шеберлікпен бағдарлай отырып,балалардың табиғи қабілеттерін жүйелі әрі дәйекті зерттеп, арнаулы жаттығуларды, әдістерді қолдана отырып толықтыра, арттыра түсуіміз қажет.
    • Аталған кемшіліктердің (Көрудің бұзылуы)  әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:-қимылдық сфераның шектелуі;
    • - әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толық болмауы;
    • - эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;
    • - ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;
    • - өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;
    • - шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.
    • НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗ
    • ҮШІН РАХМЕТ!!!


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет