Тақырыбы: Баласының әкесіне деген сағынышы
Идеясы:Адамдық құндылықтарды бағалау,әр айтар сөзді ойланып айту,тірі кезде бағалай білу.
Авторлық ұстаным: бұ дүниеден о дүниеге апарар қайыққа мініп әкесін үйіне алып келемін деген бала арманын тиын арқылы жеткізу
Композициялық талдау Оқиғаның басталуы: баланың әкесін жерлеуге барып,ондағы әрбір іс -әрекетке мән беруі
Оқиғаның байланысы: атасы мен баланың жалғыз қалуы.
Оқиғаның дамуы: баланың әкесін сағынуы
Оқиғаның шарықтау шегі: атасының айтуымен баланың әкесіне барамын деп тиын жинауы
Оқиғаның шиелінісуі: баланы жыланның шағып алуы
Оқиғаның шешімі: тиынға бола көз жұмған бала.Жападан жалғыз ғана ата
Негізгі кейіпкерлер Атасы- баласынан қалған көзқуанышына баскөз болушы
Немересі – әкесін сағынған бала
Қосымша кейіпкерлер Анасы, молда
Әңгімедегі кейіпкерлердің образы арқылы заман шындығын көрсету Бүгінгі таңда баласын тастап кетіп жатқан тасбауыр аналар бар.Сол сияқты бұл әңгімеде баланың анасы күйеуі қайтыс бола сала жақындарынан бас тартып, бауыр еті баласын тастап,бөтен еркекпен кете барады.Өмірде де осындай тасбауыр аналардың бар екендігі- заман шындығы.
Портрет Әрегідік белінің шойырылып қалатыны болмаса, қара шалдың қайраты әзірге сары самаурынды қайнатуға жарап тұр. Әсте айқұлақтанып, алагүдектенбейтін тұйық бала әкесінен айырылғалы бері тіпті томаға тартты. Күні бойы атасын айналшықтайды.
Өткізушілік міндеті үшін арбайған саусақтары ескектерді баппен есетін қаба сақалды, қарағай бойлы қара шалға тиын төлейтін.
Пейзаж Жоқ
Эстетикалық категориялар Асқақтық-жоқ
Трагедиялық- баланың ажал құшуы
Күп боп ісік тартқан бө-бек алақаны ашылып, тиын саусақтардың арасына жұмылды. Онда енді қайықшыға төлейтін тиын бар…
Баланың басы оң жаққа сылқ бұрылды. Дем тоқтады.
Комедиялық- жоқ
Ұсқынсыздық- анасының жақындарын тастап кетуі
– Қалқам-ау, тым құрыса асын күтпедің бе? Бейтаныс аға жерге қарады. Апасы мұның басынан сипаған.
– Ақыры айырылысатын болған соң, ұзын арқау кең тұсау болмай кетіп тынайын… Бөтеннің босағасында жаутаңдатқанша, қара нан жеп, қара су ішсе де, жаныңызда болсын, немереңізді өзіңізге қалдырамын, – деді.
Құлдыраушылық- атасы балаға әкесінің өмірден озғанын түсіндіремін деп баланы алдауы
Шал немересін алдарқатпақ болды:
– Құлыным, біз көк дөненмен ол жаққа бара алмаймыз. Ортада үлкен теңіз бар…
– Ал, көкемді о дүниеге кім өткізді?
– Қайықшы да…
– Бұл тиын жетпейді, – деді, – Қайықшының сұрайтыны көп тиын. Көп тиын бізде жоқ…
Содан бері бала тиын жинауға кірісті. Көп тиын жинауым керек деп тұжырды.
Сұмдық- жыланның терісін сыпырып алып, тиын тауып, әкеме барамын деген баланы жылан шағып алуы
Бала айырды ала сап жыланның жолын бөгеді. Тыныштығының дал-дұлын шығарған сәбиді жылан жаратпады. Ирелеңдеген тік бас неме қапыда тірсегін шымыр еткізіп шаға сап, шөп арасына сіңіп кетті.
Бейберекетсіздік - шаққан жылан жай ғана су жыланы ешбір қауіп жоқ, неде болса шыдаймын деп шаққан жері ісініп кеткенін атасынан жасырғысы келген бала
Ымырт үйіріле демігіп ісіне бастады. Атам онсыз да көкеме күнара кейіп жүр емес пе, мен ауырдым десем не күйге түседі деп тұжырды. Су жыланның шаққаны қатты болмас, аз-кем шыдасам ауырғаны басылар деп ойлап еді, ауру бел алып кетті. Көрші келіннің кешкі асқа дайындаған кеспесінен екі ұрттады да, төсегіне жантайды. Ісік қаулай түсті. Дәрігерге көрінсем басылар, атама айтайын деп түйді.