Тақырыбы: Бастауыш білім берудегі мониторинг-ғылым мен тәжірибенің проблемасы ретінде Орындаған: Еркімбекова Ә. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспар Кіріспе



бет4/7
Дата16.12.2023
өлшемі99,73 Kb.
#140246
1   2   3   4   5   6   7
Мониторинг жүргізу не береді?
- Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін нақтылайды.
- Мұғалімнің педагогикалық мүмкіндігін анықтайды.
- Мұғалімге нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
- Мектепішілік басқару процесін жүзеге асырады.
Кез келген білім мекемесі оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте баскару жүйесінің қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру[4].
Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім
сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.
Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:

  • Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;

    • Мәліметтер қорын жинау;

    • Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;

    • Педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;

    • Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу;

    • Мониторинг бағдарламасын бекіту.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет