Тақырыбы: Бастауыш мектепте шет тілі сабағын ұйымдастыру. Сұрақтар



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі27,54 Kb.
#13034
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Міндеттері:

  • Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабақтарында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге ;

  • Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға;

  • Ойын әдісі арқылы оқыту олардың,пәнге деген қызығуын арттырамыз,өз ойын,пікірін,көзқарасын білдіруге,екінші бір адамның жауабын тыңдап,оны толықтыруға,жетістіктері мен кемщіліктерін айта білуге жаттығады;

Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құпалып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді. Ән,өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді,сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп,тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға,ізденісін ұлғайтуға,танымдық көзқарасын қалыптастыруға,өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады.

Электронды оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тесттік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.

Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты,қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осынай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымақтастыққа баулиды.

Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып,танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар,техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.

Мұнда оқушылар кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді  алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни адамның ішкі жан дүниесіне сезімдік,эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қарым-қатынас  туындатып,білімнің негізін қалайды.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз нағыз қабылдау жасында болғандықтан,мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.

Үш тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі балабақшадан бастап өтуді негіз етіп отыр.Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса,алдағы болашақта нұрлы жолға қадам басуына негіз қаланар еді.

Бастауыш сынып оқушыларының тілі  толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жатық әрі әдемі шет тілінде сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша әдіc-тәсілдермен тәрбиелеуіміз қажет.

Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзі тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет