Тақырыбы: Бастауыш мектепте шет тілі сабағын ұйымдастыру. Сұрақтар


Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі27,54 Kb.
#13034
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

Сабақтың психологиялық мақсаты:

  • оқушылардың дамуын нақты оқу пәні және нақты сабақ шегінде жобалау;

  • сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру;

  • оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке құралдарын қадағалау.

Сабақтың стилі:

1. Оқытудың дамытушылық принципіне сай сабақтың құрылымы мен мазмұнын анықтау:

- оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетіне әсер ететін жүктемелердің қатынасы;

- оқушылардың шығармашылық және жүзеге асыру іс-әрекетінің көлемін анықтау;

- дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, кітаптан немесе қосымша құралдардан) және өздігінен іздену кезінде білімдерді меңгеруді жоспарлау;

- проблемалық-эвристикалық оқытуды мұғалім мен оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды және оны кім шешеді);

- мұғалім жүзеге асыратын әрекеттерді: оқушылардың ісәрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу.

Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:

- сабаққа деген дайындығы және ең бастысы– психологиялық мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;

- сабақтың басында және барысындағы көңіл-күй – жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыпқа байланысты өзін-өзі баптау, жігерлілік, анықталған мақсатты орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік; - педагогикалық әдептілік;

- сабақтағы психологиялық жағдай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет