C тілінің бірнеше маңызды ерекшелігі бар, олар соны басқа программалау тілдерден бөледі.
C тілі құрылымдық программалаудың толық конструкциялар жиынтығын, модульдығын, бағдарламаның блоктык құрылымын қолдайды.
C тілдің кейбір ерекшеліктері.
C тілінде кейбір төмен деңгейлі операциялар тізімі жүзеге асырылған. Осы операциялардың кейбіреулері машиналық бұйрықтарға тікеле сәйкес болады, мысалы, бірлікті операциялар немесе ++ и -- операциялары .
С мәліметтердің базалық типтері бағдарламада Ассемблерде қолданылатын объектілерді бейнелейді – байттар, машиналық сөздер және т.б.
C тілі айнымалыларға және функцияларға бағыттауыш механизмін қолдайды.
Бағыттауыш – белгілі бір айнымалы немесе функцияның машиналық адресін сақтау үшін арналған айнымалы.
Бағыттауыштардың арифметикасы қолданылады, ол Ассемблердегідей тікелей қолжетімділігін және жады адрестерімен жұмыс жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бағыттауыштарды пайдалану жоғарытиімді бағдарламаларды құрастыруға мүмкіндік береді, бірақ программалаушыдан ерекше абайлылықты талап етеді.
Ескерту:
Кейбір маңызды емес жағдаларды ескермей, C++ тілі С тілінің бір түрі болып табылады.
С тілі ұсынатын мүмкіндіктерден басқа, С++ тілі жаңа типтерді анықтаудың икемді және тиімді құралдарын қамтамасыз етеді.
Мынаны білу жөн:
C++ тіліндегі басты ұғым – класс.
Класстар ақпаратты сақтау, мәліметтердің кепілдендірілген инциализациясын, пайдаланушылар анықтайтын типтертің айқын емес түрлендірілуі, типтің динамикалық анықталуы, пайдаланушының жадыны басқаруды бақылау және операторлардың қайта жүктеу механизмін қамтамасыз етеді.