Тақырыбы: C++ тілінде бағдарламалау Құрастырушы: аға оқытушы Саринова А. Ж



бет2/4
Дата18.06.2022
өлшемі114,93 Kb.
#37008
түріПрограмма
1   2   3   4

Препроцессор

  • Препроцессор – сіздің бағдарламаңыздың мәтінін компиляторға дейін өңдейтін бағдарлама.
  • Препроцессордың жұмысы директивалармен басқарылады. Препроцессордың көмегімен келесі операцияларды орындауға болады:
  • Бағдарламаға көрсетілген файлдардан мәтіндерді қосу;
  • Идентификаторларды таңбалардың жүйелілікпен ауыстыру;
  • Макроқойылым, яғни нақты аргументтерді ескеру арқылы қалыптасатын препроцессормен параметрленген мәтінмен белгілеуді ауыстыру;
  • Бағдарламадан мәтіннің кейбір бөліктерін алып тастау (шартты компиляция).

Файлдарды қосу

  • Файлдарды қосу #include директивасы арқылы жүргізілуі мүмкін, оның келесі синтаксисі бар:
  • #include <жол>
  • #include «жол"
  • Мұндағы бұрыштық жақшалар синтаксис элементі болып табылады.
  •  #include директивасы файлдың құрамын қосады, оған жол директивасы бар тармақтың орнына компиляцияланған файлға берілген.
  • Егер жол бұрыштық жақшаларға алынған болса, онда файлды іздеу стандартты директорияларда жүзеге асырылады.
  • Егер жол тырнақшаларға алынған болса және толығымен берілген болса, онда файлды іздеу берілген диреткорияда жүзеге асырылады, ал егер жол берілмеген болса – ағымдағы директорияда жүзеге асырылады.
  • Осы директиваның көмегімен Сіз бағдарламаның мәтініне стандартты да, өзінің файлдарын да қосуға болады.

Бағдарламаның параметрлері

  •  main функциясының, басқа бір функция сияқты парметрлері бар. Осы параметрлер бағдарламаға бұйрықтық (командалық) тармақтан беріледі.
  • void main(int argc, char *argv[])
  • { ... }
  • // argc мен argv атаулары тілдің талабы болып табылмайды
  • Бірінші параметр массивте – екінші параметрде элементтер санын білдіреді, ол тармақтарға бағыттауыш массиві болып табылады.
  • Әрбір тармақ бағдарламаға берілген бір параметрді сақтайды, сондай-ақ бірінші параметр (индексі 0) орындалатын файлдың атауын қосады және әрқашан бар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет