Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізгі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек..Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату.
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде мыналарды қамтиды:
а) оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна;
б) шпательдер мен зонддар, тазалық құралдары;
в) сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;
г) тыныс алуы мен дамытуына қажетті ойыншықтар мен альбом құралдары;
д) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;
е) түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото;
ж) түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті, тілдік материалы бар кітап-құралдар;
з) әр сыныпқа арналған оқулықтар.
. Кемшіліктердің алғашқы - антропофоникалық, соңғысы - фонологиялық деп аталады.
Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі - Р дыбысын тамақпен айту немесе - С дыбысын тіске қысып айту бола алады.
Фонологиялық кемшіліктің мысалы - Ш орнына - С алмастыру /
«ескі» - ешкі/, немесе - Р орнына - Л / «роза» - лоза/, сонымен қатар
фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. жиі кездеседі.
Бір дыбыстың басқамен тұрақты алмастырылған жағдайы, /мысалы, Ш орнына - С немесе С орнына Ш/ парасигматизм деп аталады. С дыбысының жасалу механизмі төмендегідей.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды ажырату кезеңі дыбыс айту бұзылысын түзетуде міндетті кезең болып табылады.Дыбыстарды ажырату жұмысы келесі бағыттарда жүзеге асырылады: естіп ажыратуын дамыту, айтып ажыратуын бекіту, фонематикалық анализ бен синтезін қалыптастыру.
Әсіресе, фонетикалық жақын дыбыстарды (жуан және жіңішке, үнді және үнсіз, ызың және ысқырық) ажырату жұмысын жүргізу маңызды. Дыбыстарды ажыратудың келесі кезектілігі анықталды: б-п, д-т, г-к, з-с, ж-ш, с-ш, з-ж, ц-с, ч-т, ч-щ.
Достарыңызбен бөлісу: |