Дигибридтік ажырасудағы генотиптердің - 1: 2 : 2: 4 : 1 : 2: 1 : 2: 1 қатынасы моногибридтік будандастырудағы жеке генотиптік ажырасу екендігін Мендель қарапайым математикалық талдау арқылы көрсетті. Бұл генотипі бойынша дигибридтік ажырасу екеуінің көбейтіндісі екені белгілі болды:
(1АА +2Аа+ 1аа) (1ВВ+2Вв+ вв)
Екі жұп аллельдің тәуелсіз тұқым қууының негізі олардың гамета түзген кезінде тәуелсіз бір-бірімен қиысуында.
Бұл дигетерозиготаның (АаВв) аллельдерінің тәуелсіз қиылысуы мейоз кезіндегі аллельдік гендердің бір-бірімен тебісіп айырылысу арқылы бір мөлшерде төрт түрлi гамета түзетінін көрсетеді:
25% АВ; 25% Ав; 25% аВ; 25% ав.
АаВв дигибридінің төрт түрлі гамета беретіндігін талдаушы будандастыру жүргізу арқылы дәделдеуге болады (АаВв х aaвв)
себебі талдағыш (аавв) - ав гаметасын ғана түзеді,
сондықтан талданатын дигетерозиготаның (АаВв) гаметаларымен
әр түрлі өсімдіктер беруі керек.
Ол гаметалар мынадай болады:
Гаметалар: АВ Ав аВ ав
АаВв Аавв ааВв аавв.
Бұл жағдайда ажырасу формуласы төмендегідей болуы керек.
Фенотипі: 1АВ + 1Ав + 1аВ + 1ав
Генотипі: 1АаВв + 1Аавв + 1ааВв + 1аавв
Дигетерозиготалы организмнің төрт түрлі гамета беретіндігі және олардың өзара еркін (кездейсоқ) қосылуы, жұп aллельдердің
бір-бірімен тәуелсіз қосылу заңдылығының сырын ашады.