. Мына төмендегідей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтар тұқымдарының сыртқы көрінісін анықтау керек: а) ааВВ х аавв; ә) Аавв х Аавв; б) АаВВ х АаВв; в) ААВв х аавв; г) ААвв х аавв; ғ) ааВв х ааВв; д) ААВв х ААВв. - 4. Тұқымның түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы өсімдік осы екі белгі бойынша да рецессивті гомозиготалы өсімдікпен будандастырылған.
- Алынатын ұрпақтын генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек.
- 5. Сары тегіс тұқымдардан өсіп шыққан екі бұршақ өсімдігін будандастырғанда, сары тегіс тұқымдар алынған. Олардың ата-енелерінің генотиптерін анықтауға бола ма?
- 6. Сары бұдырлы тұқымнан өсіп шыққан бұршақ өсімдігі жасыл, тегіс тұқымнан алынған есімдіктің тозаңымен тозаңдандырылған. Олардан алынған будан тұқымдардың жартысы сары тегіс, жартысы жасыл тегіс болып шыққан.
- Аталық және аналығы өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.
- 7. Жасыл тегіс тұқымдардан алынған бұршақ өсімдігі сары бұдырлы тұқымнан өсіп шыққан өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырылған.
- Олардан алынған будан ұрпақтың 1/4 - сары тегіс 1/4- сары бұдырлы 1/4 жасыл тегіс және 1/4- жасыл бұдырлы болып шыққан. Ата-енелерінің генотиптерін анықтау керек.
- 8. Тұқымдарының түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы бұршақ өсімдіктерінің ұрпағында фенотипі және генотипі бойынша белгілердің ажырауы қалай болуы мүмкін?
- 9. Таза тұқымды тоқал қара аталықты мүйізді қызыл аналық сиырмен будандастырғанда алынатын будандар қандай болады?
- Егер тоқалдылықтың мүйізділікке қарағанда, ал қара реңнің қызылға қарағанда доминантты екені белгілі болса, ондай будандарды өзара шағылыстырғанда алынатын келесі ұрпақ қандай болар еді?
- (Бұл екі белгінің гендері әр түрлі жұп хромосомдарда орналасқан).
- 10. Жемісі қызыл, бойының ұзындығы қалыпты қызан өсімдігін, сары жемісті, аласа бойлы қызан тозаңымен тозаңдандыру нәтижесінде алынатын будандардың белгілері қандай болады? Ондай гибридтерді өзара будандастырса, нендей нәтиже шығады? Егер жемістердің қызыл түсі — доминантты, бойының аласалығы рецессивті екені белгілі болса ше? Бастапқы барлық өсімдіктер гомозиготалылар; белгілерді анықтайтын гендер әр түрлі хромосомдарда орналасқан.
- 11.
Достарыңызбен бөлісу: |