Таќырыбы: Дигибридті будандастыру


Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылықтары бар дарақтарды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атады



бет3/5
Дата04.10.2022
өлшемі234 Kb.
#41380
1   2   3   4   5
Байланысты:
Генетика №5 Дәріс

Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылықтары бар дарақтарды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атады.

  • Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылықтары бар дарақтарды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атады.
  • Белгілердің ажырау сипаты дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек болады.
  • Мысалы, тұқымы сары, тегіс, қызыл гүлді бұршақ өсімдігін тұқымы жасыл, бұдырлы, ақ гүлді бұршақпен будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес F1-де алынған будан ұрпақтың барлығы да біркелкі болып шығады, ал F2-де күрделі ажырау жүреді.
  • Полигибридті будандастыру
  • Тұқымның пішінін анықтайтын гендерді – А-а, түсін - В-в, ал гүлдің түсін - С-с деп белгілесек, сонда ата-аналық формалардың біреуінің генотипі ААВВСС, екіншісінікі ааввсс, ал F1-де алынатын будан организімдікі АаВвСс болып келеді.
  • Мұндай будан өсімдік сегіз түрлі гамета түзеді:
  • АВС, АВс, АвС, Авс, аВС, аВс, авС, авс.
  • Өздігінен тозаңдануы нәтижесінде F2-де зиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі.
  • Фенотипі бойынша полигибридтік ажырасудың жалпы формуласы (3 :1 n);
  • n - ажырасатын жұп белгілер саны.
  • Моногибридтер үшін ол (3 : 1),
  • дигибридтерде - (3 : 1)²,
  • үшгибридтерде - ­(3 : 1)³,
  • тетрагибридтерде - (3 :1) 4,
  • пентагибридтерде- ­(3 : 1) 5, т.с.с.
  • Генотипі бойынша ажырасу (1: 2 : 1) n;
  • n - ажырасатын аллельдер жұбының саны.
  • Оcы формула арқылы фенотипі бойынша ажырайтын кластар санын шағылыстыруға алынған неше жұп белгісін анықтайды.
  • 1. Мына төмендегідей генотиптері бар есімдіктер қандай гаметалар түзе алады.
  • а) ААВВ; э) АаВВ; б) ааВВ; в) ААВв; г) ААвв; ғ) АаВв; д) Аавв; е) аавв?
  • 2. Бұршақ түқымының сары түсі А жасыл түсі а - ға қарағанда доминантты,
  • ал тегіс пішінді В бүдырлы пішінді в-дан басым. Мына генотиптердің тұқымдарының түстері мен пішіндерін анықтау керек:
  • а) ааВВ; ә) Аавв; б) АаВВ; в) ааВВ; г) ААВв; ғ) ААвв.
  • 3

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет