Тақырыбы: Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата02.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#24707
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
 

  

   “Жанр”  әдебиеттануда  екі  мағынада  қолданылады.  Жанр  деп  бұрыннан 

әдебиетте  “тек”  деп  аталған  эпос,  лирика,  драманы  атау  дәстүрге  айналған. 

Жанр ұғымы өзінің әр түрлі түсіндірілімінде негізгі әдіснамалық проблемалар 

мен  қарама-қайшылықтарды  шешуге  ынталы.  Әдеби  жанрлар  дегеніміз  - 

әдебиеттің  тектік  түрлерінен  бөлініп  шыққан  шығармалар  тобы.  Олардың 

әрқайсысы тұрақты қасиеттерге ие. Көптеген әдеби жанрлар өзінің бастауын 

фольклордан алады.  

      Жанрлар жүйелеу мен топтауға қиындықпен көнеді. Себебі,  әрбір көркем 

мәдениетте жанрлар өзіндік болмысымен ерекшеленеді. Олардың кейбіреуі 

сөз өнерінің тарихы бойында өмір сүреді (мәселен, мысал жанры), ал 

кейбіреулері белгілі бір дәуірлерге тән болады. Яғни, жанрлар әмбебап та, 

тарихи жағынан шектеулі де қасиетке ие. Жанрға тән күрделіліктің тағы бір 

қыры олардың әр түрлі жанрлық тұрғыдағы құбылыстарды беруінен 

туындайды. Мәселен, көне гректерде элегия белгілі бір өлең өлшемімен 

жазылған, флейтаның сүйемелдеуімен орындалатын жанр болған. Осы 

элегияның  (оның бастауын біздің дәуірімізге дейінгі YII ғасырда ақын 

Каллин салған) тақырыбы аса кең, сарындары әр тарапты (батырлардың 

ерлігін дәріптеу, философиялық толғаныс, адамгершілікке шақыру) болған. 

Одан кейін (римдік ақындар Катулла, Проперция, Овидия) элегия таза 

махаббат тақырыбына ойысты. Ал Жаңа заманда (негізінен, XYIII ғасырдың 

екінші жартысы мен XIX ғасырдың басында) элегия жанры қайғы мен 

қасірет, мұң-шер сарынын иеленді. Сөйтіп, бір элегия жанры әр тарапты 

сипатқа ие болған.  

       Жанрлық  белгілер  көркем  туындының  барша  қырын  ашады.  Мәселен, 

“трагедия”  ұғымы  белгілі  бір  эмоциялық  көңіл-күйге  негізделген  драмалық 

шығармаларға  қатыстылықты  білдіреді;  “повесть”  ұғымы  әдебиеттің 

эпикалық  тегіне  жататын  шығармаларды  топтастырады.    Осы  тұрғыдан 

алғанда оның тарихи жасалуын бірнеше парадигмаларға бөлуге болады. Жанр 



алдымен  өзі  әрекет  ететін  болмыспен тікелей  байланысты.  Екіншіден,  жанр 

белгілі бір дүниетанымдағы яғни дәстүрлі-жалпы не жеке-авторлық сипаттағы 

көзқарасты білдіреді. Мұндай түсінік ерте романтизм, романтизм дәуіріндегі 

әдебиет пен эстетикадан XX ғасырдың мифопоэтикасына ауысты. Үшіншіден, 

Аристотель  мен  Шиллерге  дейінгі  трагедия  теориясы  негізінде  көркем 

туындының ерекше құрылымдық аспектісі туралы мағлұмат қалыптасты. Бұл 

концепцияға Фр.Ницшенің “Рождение трагедии из духа музыки” эссесі жаңа, 

өзекті мән үстеді. Әдебиеттің тегі өзінің жалпы белгілері, генетикалық және 

құрылымдық 

сипаттарының 

жиынтығына 

қарай 


текке                                                                                                                                  

бірігеді. Туындының басымдық сипатына қарай, яғни, диалогтік әрекет-драма, 

баяндау-эпика,  сезім  мен  көңіл-күй-лирика  болады.  Текке  бөлу  әдеби 

жүйелеудің  алғашқы  баспалдағы,  ал  оның  басты  принципі  көзқарас  пен 

бейнеленген дүниенің заттық сипаты.  

     Тек  пен  жанр  екі  жүйедегі  топты  анықтайды:  Поэзияның  негізгі  үш 

формасы бар (Гете): эпика, лирика, драма.  

     Туындының  жанрлық  белгісі  әдебиеттану  терминіне  жатады.  Өз 

шығармасының  жанрын  айқындау  үстінде,  жазушы  оны  белгілі  бір  әдеби 

нормаларға,  дәстүрлерге  сәйкестендіреді.  Қандай  да  бір  жанрды  таңдауда, 

қаламгер  жанрлық  жүйеге,  түрге  сүйенеді.  М.Бахтиннің  айтуынша,  “жанр” 

әдеби  даму  процесіндегі  «шығармашылық  естің  көрінісі”.  Кейде  жаңашыл 

қаламгерлер  оқырмандар  үшін  күтпеген  жанрлық  атаулар  табады.  Жанр 

туындыға тұтас анықтама береді.  

      Жанрлық  белгілер,  олардың  сипаты  әдеби  процесте  өзгермелі,  олар 

жанрлық теорияларда алмасып отырады. Сонау классицизм дәуірінің  өзінде 

трагедияның  барлығы  жанрлық  канондарға  сәйкескен  жоқ.  Трагедия 

“комедиядан  үш  жағдайда:  кейіпкерлердің  жағдайы,  олардың  тағдыры  мен 

әрекеттерінің  сипаты  және  шығармаларының  аяқталуымен  ерекшеленеді. 

Әрине, олардың стильдік те айырмасы бар. Сөйте тұра, жанрлардың тұрақты 

белгілері  де  болады.  “Трагедияның  мәні  -  қақтығыс,  тартыс,  қайшылық. 

Трагедияның  идеясына  үрейлі,  сұсты  оқиғалар,  қатерлі  мәселелер  алынады. 

Немістер трагедияны қайғылы көрініс деп атайды” (В.Белинский. “Поэзияны 

тегіне және түріне қарай бөлу”). Осылайша жанрларда өзгермелі және тұрақты 

белгілер  болады  да  олар  дәстүр  жалғастығына  жеткізеді.  Жалпы,  жанрлық 

теорияның  беріктігін  зерттеу,  байқау  әдебиеттің  жылжымалы  жанрлық 

бейнесінде байқалады. Әдебиет пен әдеби теориялар “риториканың белгілері” 

аясында дамып, әмбебаптық сипатқа ие болуына қол жеткізеді. 

       Жанрға  байланысты  “мазмұндық  форма”  ұғымы  да  бар.    Жанрды 

қарастыру әдеби шығарманың құрылымына, формасына байланысты болады. 

Бұл  жөнінде  орыстың  формашыл  мектебінің  өкілдері  айтқан.  Мәселен, 

Б.В.Томашевский  жанрды  “өзіндік  топтық  қабылдауы”  бар  тұрақтылығы 

сақталған,  дәстүрге  берік,  өзара  байланысты  деп  таниды.  Формализм 

мектебінің  дәстүрін  басшылыққа  ала  отырып,  сонымен  бірге  ғалымдар 

жанрдың  мағыналық  жағына  ерекше  назар  аударып,  “жанрлық  мән”, 

“жанрлық  мағына”  деген  терминдерді  қолданды.  Бұл  саладағы  алғашқы 

тұжырым  М.М.Бахтиннің  есімімен  байланысты.  Ғалым  жанрлық  форма 



шығарманың  тақырыбы  және  оның  авторының  дүниетанымымен  берік 

бірлікте дейді.  

     Жанр мәнді конструкцияға ие: “Суреткер болмысты жанр көзімен қарауды 

үйренуге тиіс”. Сонымен қатар “Әрбір жанр-құралдар мен тәсілдердің күрделі 

жүйесі”.  Жанрлық  мағынаның  қандай  орын  алатыны  Бахтин  еңбектерінде 

тікелей ашылмайды, алайда зерттеушінің тұжырымдарын жинақтай келгенде, 

оның роман туралы түйіні айқын.  XIX ғасырда жанрдың осы терең аспектісін 

Гегель  қарастырды.  Ол  эпопея,  сатира,  комедия  және  романды  сипаттады. 

Осыған үндес тұрғыда  жанрдың тұлға мен қоғам арасындағы өзара байланысы 

жөнінде ғалым А.Н.Веселовский де біршама пайымдаулар  жасады.   

      Осы арнада (Веселовский тұжырымына жақын тұрғыда) Г.Н.Поспеловтың 

әдеби  жанрлар  туралы  концепциясы  жанрлық  құбылыстарды  жүйелеудегі 

бірегей  тәжірибе  болды.  Ол  жанрлық  формаларды  “сыртқы”  (“тұйықталған 

композициялық-стилистикалық  бүтіндік”)  және  “ішкі”  (“ерекше  жанрлық 

мазмұн”,  “образды  ойлау”)  деп  шектеу  жасады.  Ғалым  жасаған  жанрлық 

топтардың сипаты нақты жүйені білдіреді.   

     Өткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдарындағы  әлем  әдебиеттануында   

жанрлардың  шекарасы  жойыла  бастауы  байқалған.  Жазушылар  қатаң 

жанрлық құрылымды бірте-бірте аздау сақтап, эпос, лирика, драмадағы иілгіш 

“синтетикалық формаларды” қолданды да, оларды белгілі бір дәстүрлі жанрға 

жатқызу  қиынға  түсті.  Одан  кейін  ғылыми  айналысқа  Бахтин  ұсынған 

канондық  концепциясы  енді.  Онда  әлемдік  тарихтың  жаңа  дәуірінде  туған 

жалғыз  жанр  деп  роман  аталды.  Зерттеуші:  “романның  салтанат  құрған 

дәуірінде басқа  жанрлар да әр түрлі дәрежеде “романданады”, драма, поэма, 

тіпті лирика да романға ұқсап кетеді”,- дейді.  

      Дәстүрлі  жанрлардың  канондардан  ажырауы  жанр  проблемасында  

теориялық  рефлексия  тудырды.  Енді  жанрлардың  арасындағы  сабақтастық 

өрістеді. Сөйтіп, әдеби жанр әдеби туындының орныққан түрі болып табылды. 

Жанр дәуір жылжыған сайын жаңаша сипатқа ие болып отырады. Қандай да 

жанрға өміршеңдік тән. Әрбір әдеби дәуірлерге, бағыт-ағымдарға белгілі бір 

үлкенді-кішілі  жанрлар  тән  болып  келеді.  Мысалы:  классицизм  кезінде 

трагедия, комедия, ода, эпикалық поэма алдыңғы кезекке шықты; романтизм 

дәуірінде  лирикалық  поэма,  драма,  элегия,  баллада,  психологиялық  және 

тарихи роман өрістеді. 

      Жанрлар арасындағы алмасулар мен ұштасу үрдісі әр кезеңде байқалған. 

Мысалы:  XIX  ғасырда  орыс  әдебиетінде  реализмнің  өркендеген  кезінде  А. 

Пушкиннің  өлеңмен  жазылған  романы  (“Евгений  Онегин”)  туды.  XX 

ғасырдың  басында  қазақ  әдебиетінде  өлеңмен  жазылған  романдар  пайда 

болды.   

     Эпос, лирика, драма  көне дәуірде, қоғам дамуының алғашқы кездерінен-ақ 

қалыптаса бастаған. Бұл мәселеге өзінің “Тарихи поэтика” еңбегінің бірінші 

тарауын арнаған зерттеуші А.Н.Веселовский болды. Ол әдеби тектер алғашқы 

қоғамдық  құрылыс  кезеңіндегі  адамдардың  ғұрып-дәстүрлерінен,  өлең-

билерінен пайда болған, - дейді. Яғни, хормен бірігіп айтатын әндерден лиро-

эпикалық ән туды, бұл поэзияның алғашқы формасы делінді. Яғни, ғалымның 



пайымдауынша,  бәрі  бірігіп,  хормен  ұжымдаса  айтылатын  өлең  түрінен 

бөлініп шығып,  көне ғұрыптық хор-әндерден эпос пен лирика ірге ажыратты. 

Ал,  драма  хордың  арасындағы  сөз  қатысулардан  пайда  болды.  Ол  эпос  пен 

лирикаға  қарағанда,  дараланып  шығып,  сонымен  бірге  синкретті  сипатын 

сақтады.  

      Сонымен, әдебиеттегі “тек” пен “түр”, “жанр” деген ұғымдар бір-бірімен 

тығыз  бірлікте  өрбіп  жатады.  Әдеби  тектердің  дараланып  шығуы  алғашқы 

қауымдық құрылысқа тән көпшіліктің бірлесе орындайтын ырым-жоралғылық 

синкреттік  әрекеттерінен  бастау  алады.  Эпоста  халық  өмірі,  лирикада  ішкі 

толғаныс,  драмада  тартыс  суреттеледі.  Әдеби  тектердің  әрі  қарайғы  дамуы 

жанрлық өзгерістер арқылы көрінеді (мәселен, эпос ұғымы эпопея, мысалдан 

бастап,  роман,  повесть,  әңгімеге  ұласты).  Одан  басқа,  әдебиеттегі  әр  түрлі 

ағым-бағыттарға  байланысты  бір  жанрдың  мән-маңызы  төмендесе,  кейбір 

жанрдікі  жоғарылады.  Кейбір  текке  басқа  белгілер  үндесуі  арқылы,  лиро-

эпостық дастандар, лирикалық және эпикалық драма пайда болды. Мәселен, 

эпикалық  түр  шығармаға  кеңдік,  көпқырлылық,  өмірге,  айналаға  тұтастық 

түрде қарауды әкелді. Эпикалық сипат идеялық-эмоциялық тұрғыда драмада 

да,  лирикада  да  кездесуі  мүмкін.  Драматизм  қарама-қайшылық,  тартыс 

арқылы  көрінді.  Ал,  лиризм  толғаныс,  тебіреніс,  ерекше  көңіл-күймен 

танылды. 

Мәселен, 

Л.Толстойдың 

“Анна 

Каренина” 



романында, 

М.Цветаеваның  “Тоска  по  Родине”  өлеңінде  драматизм,  И.Тургеневтің 

“Дворянское  гнездо”  романында,  А.Чеховтің  пьесаларында,  И.Буниннің 

әңгіме-повестерінде  лиризм  байқалды.  Яғни,  әдеби  тек  түрлері  бір-бірімен 

ықпалдаса, үндесе дамыды. Мәселен, бір романның бойында диалог, авторлық 

баяндау,  төл  сөз  бен  аңыздық  желі  өріліп  отырды.  Сөйтіп,  эпос,  лирика, 

романның  өздеріне  тән  жеке  ерекшеліктері  ендігі  жерде  шарттылық 

шекарасын бұзды.  

      Сонымен,  әдебиетті  текке  бөлу  Аристотельдің  “Поэзия  өнері  туралы” 

трактатынан  басталғаны  белгілі.  Грек  философы  еңбегінде  әдеби  тектер 

теориясы  әр  қилы  ғылыми  және  философиялық  тұрғыда  қарастырылды. 

Мұнда  Аристотель  көне  грек  әдебиетінде  жинақталған  көркемдік 

тәжірибелерге  сүйенді.  Неміс  философы  Гегель  үш  текті  философиялық-

логикалық жағынан негіздейді. Философтың пікірінше, эпос объективтілікке, 

лирика  субъективтілікке  құрылып,  драма  объективтілік  пен  субъективтілік 

қасиеттерді тоғыстырады.  Канттың, Гегельдің эстетикалық көзқарастарында 

өнерді  жеке  тұлғаның  субъективті  шығармашылық  қабілеті  дүниеге  әкеледі 

деген  тұжырым  кең  орын  алды.  Мұндай  көзқарастар  эволюциясы 

А.Байтұрсыновтың әдеби-теориялық  танымына да тән болды.  

      Әдебиеттің  тектерін  көрсете  отырып,  оларға  сипаттама  беруде 

А.Байтұрсынов  Аристотельдің  бейнелеу  тәсіліне,  яғни  автордың  қатысына 

негізделген  принципінде  қалып  қоймайды  (Тілешев  Е.  Суреткер  және 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет