Тақырыбы: Ғалам туралы ғылыми көзқарастар Дәріс Ғалам туралы ғылыми көзқарастар



бет17/20
Дата31.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#23807
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Дәріс. Экология негіздері.

  • Экология — организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынастарын, ұйымдасу деңгейлері әр түрлі экожүйелердің қалыптасуы және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол қоршаған орта факторларынның организмге әсерін, түрдің тіршілік етуі мен механизмдерін, экологиялық жүйенің қызмет атқаруы мен олардың биологиялық өнімділігін зерттеумен айналысады. Эко­логия биологиялық зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланады: тәжірибелік жұмыстар, далалық бақылаулар және түрлі экожүйелерде өтетін процестерді математикалық моделдеу. «Экология» терминін 1869 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ендірген болатын.

  • Қоршаған орта немесе мекен ету ортасы бұл дараның өмір сүретін ортасындағы нақты шарттардың жиынтығы, оларға қатынасы.

  • Тіршілік ету орталарының ауа, ауа-жер, топырақ және организмдік деген түрлерін ажыратамыз. Бұл орталарда организмге тән шарттар жасалады. Тіршілік ету шарттары деп организмнің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ететін орта элементтерінің жиынтығы, сондай-ақ организм көбейіп, онымен негізгі тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз ететін кешен деп түсінеміз.

  • Организмге әсер ететін тіршілік ортаның элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Олар үш топқа бөлінеді: абиотикалық, биотикалық және антропогендік.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет