Тақырыбы: Ғалам туралы ғылыми көзқарастар Дәріс Ғалам туралы ғылыми көзқарастар



бет19/20
Дата31.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#23807
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дәріс Жаратылыстану

Дәріс. Экология негіздері.

  • Барлық экологиялық факторларды қоса есептегенде, олардың кейбіреулерінің ғана тіршілік етуге маңызы бар. Эволюция барысында организмдер олардың әсеріне қатысты бейімдеушілік жасады. Организмнің қор­шаған орта өзгерістеріне бейімделу дәрежесі экологиялық шыдамдылық немесе толеранттылық деп аталады. Сондықтан түрлерде ол орта өзгерістерінің диапазонында көрініс береді, оның шекарасында берілген түр дараларының тіршілік әрекеті сақталады.

  • Тіршілікке маңызды функциялардың әсеріне қарай әр биологиялық түрге қатысты өзіндік оптимум мәні болады, қалыпты тіршілік ету аймағы және төзімділік аралықтары.

  • Дараның тіршілік әрекеті айтарлықтай өте жақсы түрде өтетін экологиялық фактордың көріну дәрежесі, оптимум деп аталады. Оптимумнан ауытқу тіршілік қабаттарын төмендетеді. Түрдің өсуі, көбеюі және ұзақ уақыт тіршілік етуі мүмкін болатын факторлардың мәндер шегі қалыпты

  • тіршілік зонасы ұғымына сәйкес келеді. Оның шегінде құлдырау аймағы жатыр, ол қалыпты тіршілік етудің бұзылуымен сипатталады. Олар критикалық нүктелермен шектеледі — экологиялық төзімділіктің жоғарғы және төменгі нүктелері, одан ары тіршілік мүмкін емес. Қалыпты және құлдырау аймақтарын қамтитын фак­тор мәнінің диапазоны, түрдің берілген экологиялық факторға төзімділігінің көрсеткіші есептеледі.

  • Тірі организмдердің алуантүрлері бірдей емес экологиялық төзімділікке ие болмайды. Үлкен экологиялық тө­зімділікке ие топтар, яғни фактордың оптималды мәнінен ауытқуға төзімділер эврибионттар деп аталады, ал төзімділігі аз болса стенобионттар деп аталады. Эврибионтты организмдер мысалы ретінде, актинияны айтуға болады, ол тропиктік те, арктикалық та теңіздерде тіршілік ете алады. Стенобионтты организмдерге мысалы, тек қана жылы теңіздер­де тіршілік ететін коралл полиптері, гренландиялық кит — тек арктикалық теңіздерде тіршілік етеді.

  • Экологиялық валенттіліктің қанда да бір факторға қатысты шектері түрлі түрлерде графикалық түрде сипаттауға болады.

  • Стенобионтты организмдер тө­менгі және жоғарғы температураның кең диапазонына төзімді. Эврибионт­ты организмдер температураның кең диапазонында тіршілік етуге қабілетті. Стенобионтты организмдерде төзімділіктің минимум және максимум шекаралары жақын орналасса, сол себептен температураның аз өзгерісі эврибионтты түрлермен оңай қабылданса, стенобионттарға олар қырыпжойғыш әсер етеді.

  • Экологиялық төзімділік жасы, жынысы, организмдердің жеке дамуының сатысына орай ауытқуы мүмкін. Мысалы, краб дернәсілдері (личинкалары) тұщы суда дами алмайды, ал ересек түрлері өзендерге ағысқа бойлай өте алады.

  • Ортаның экологиялық факторлары организмге бірігіп әсер етеді, олардың әрқайсысының әсері өзгелердің әрекетін қарқындылығына тәуелді. Мысалы, адам ауаның жоғарғы температурасын оның ылғалдылығы төмен болғанда жақсы көтерсе, суықты жоғары калориялық тағамдарды қолданғанда көтере алады.

  • Организмдердің бір мезгілде қоршаған ортаның түрлі факторларын қабылдайтындығын ескере келе, сиректеу олардың әсері оптимуммен сәйкес келеді. Кейде бір фактор бұл мәнге ие болады.

  • Тіршілік үшін маңызды факторлар көп жағдайда мәні оптимумнан алшақтап, төзімділік шегіне жақындасады немесе шектеуші фактор де­ген атауға ие болады. Шектеуші фак­тор организмдер тіршілігінде үлкен роль атқарады, оның экологиялық ортасын және географиялық ареалын анықтайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет