Абиотикалық факторлар — өлі табиғаттың физикалық және химиялық факторларынның жиынтығы, олардың қатарында өте маңызды- температура, ылғалдылық, жарық және өзге де климаттық компоненттер, сондай-ақ судың, ауа және топырақ орталарының химиялық құрамы және т.б.
Биотикалық факторлар — организмдердің оны қоршаған биотамен қарым-қатынастарының барлық формаларын айтады.
Антропогендік факторлар – адамның қоршаған ортаны тірі организмдер тіршілік ететін ортаның өзгерісіне алып келетін немесе олардың тіршілігінде көрініс беретін түрлі әрекеттердің жиынтығы. Биотаға антропогендік факторлардың әсері артып келеді. Салыстырма үшін: қазіргі кезде адам техниканың көмегімен табиғатқа көп әсер ете алады, бұрынғы неандерталдықтарға шаққанда. Экологиялық факторлардың осылайша жіктелуі шартты. Кейде берілген факторды бір категорияға орналастыру қиын. Мысалы, балараның ұясының температурасы қоршаған орта температурасымен қатар, ұядағы аралар санына да тәуелді болады. Бір мезгілде абиотикалық та, биотикалық та факторлардың функциясы саналады.
Түрлі физикалық-географиялық аудандарда экологиялық факторлардың сәйкестігі құрыла бастады, ол тірі организмдердің планетада таралу заңдылығына негіз болды. Эволюциялық процестер барысында экологиялық фактордың мезгілдік өзгерісі әсерінен кейбір түрлерде бейімдеушілік қасиеттер қалыптасқан: қыстық немесе жаздық ұйқыға кету, диапауза.