Ген инженериясының дамуына байланысты пайда болған генотерапия да осы мақсатқа бағытталған.
кезеңдері
Диагнозды дәлдеу
Ұрпақта қатердің
қайталануын бағалау
Бала туу туралы
шешім қабылдау
Биоинженерия негізіндегі биотехнология мынадай салаларда қолданылады.
Денсаулық сақтау және фармацевтика (диагностикумдардың жаңа ұрпағын, рекомбинанттық белоктар, ферменттер, гормондар негізінде дәрі-дәрмек препараттарды жасау);
Өнеркәсіптің әртүрлі салалары (өнеркәсіптік процестерді интенсификациялау үшін биокатализаторларды, рекомбинанттық ферменттерді, модификацияланған микроорганизмдерді жасау);
Ауыл шаруашылығы (жетілген қасиеттермен және жоғары өнімділігімен трансгендік өсімдіктер мен жануарларды жасау, гендік-инженерлік өсім реттеуіштерін, биотыңайтқыштарды пайдалану);
Қоршаған ортаны қорғау (қалдықтарды пайдаға асыру, ксенобиотиктердің биодеградациясы, суды тазалау).
Генді бір клеткадан екнші клеткаға енгізу механизмі
Ген инженерлік фармакология соматотропин деп аталатын өсу гормонын бактериялық клеткада синтездеуді қолға алды.
Ген инженериясының әдістері интерферон мен интерлейкинді алуда кеңінен қолданылады.Интерферон адам және жануар клеткаларында инфекциялық вирустарға қарсы синтезделеді.Биотехнологиялық жолмен E.Coli клеткасында сәйкес геннің клонын көбейту арқылы алынатын интерлейкиндер ағзаның иммундық жүйесін қалпына келтіру үшін аса қажет.
Ген инженериясы қолданылуының басқа саласы жаңа, тиімді,қауіпсіз әрі арзан вакциналарды алуға байланысты.
Рекомбинантты ДНҚ технологиясы арқылы синтетикалық вакциналарды алудың маңызы өте зор,өйткені олардың бактериялық және вирустық вакциналар сияқты бөтен антигендері жоқ.
Ген инженериясының әдістерідәрігерлік диагностикада жаңа мүмкіндіктер береді.Мысалы:вирустың немесе бактерияның ДНҚ мен РНҚ сын аз мөлшерде бөліп алып,олардың нуклеотидтік құрамын анықтауға болады.Осы жолмен алынған диагностикалық заттар ауру қоздырушыларын анықтауға мүмкіндік береді.