Тақырыбы: Гидросфера және оның құрамдас бөліктері Орындаған: Шарапова А



бет4/4
Дата28.06.2023
өлшемі471,38 Kb.
#103638
1   2   3   4
Байланысты:
Гидррология.3

Табиғаттағы су айналымы

  • 1. Кіші немесе мұхиттық су айналымы, яғни мұхиттар мен теңіздердің бетінен буланған ылғал құрлыққа тасымалданбай, су бетінен аспанға тік көтеріліп конденсацияға ұшырап, теңіздер мен мұхиттардың бетіне жауын-шашын болып қайта оралады.
  • 2.Үлкен айналым. Бұл ылғалдың ауа ағындарының күшімен мұхиттардың үстінен құрлықтарға тасымалдануы және оның құрлықтардың бетіне жауын-шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен қайта оралу процесі.

Қорытынды

  • Жер шарының шамамен ¾ бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су және атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхиттар дейміз. Мұхиттар – теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.
  • Теңіз – мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бір бөлігі.
  • Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына кіріп жатқан және ашық теңізден немесе мұхиттан әлсіз түрде ерекшеленетін бөлігі.
  • Бухта - мұхиттан, теңізден аралдар немесе мүйістер арқылы мықтап бөлінген кішігірім шығанақ. Лиман – теңізден құм қайырымен бөлінген шығанақ. Губа – Ресейдің солтүстігінде кең тараған шығанақ. Ол құрлыққа тереңдей кіріп жатады, оған өзендер келіп құяды. Бұғаз – құрлықтың екі үлескісін екіге бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын су кеңістігі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ж.Достайұлы. Жалпы гидрология. – Алматы: Білім. 1996.

2. Михайлов В.Н., Добровольский А.Д. Общая гидрология. – М: Высшая школа. 1991.

3. Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. – Алматы: Қазақстан. 1975.

4. Омаров Т.Р., Филонец П.П., Филонец Ю.П. Қазақстан көлдері. – Алматы: Қазақстан. 1987.

5. Достаев Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қор,ау. – Алматы: Қаз ҰМУ., 1993.

6. Жуков Л.А. Общая океанология. – Л:Гидрометеоиздат. 1976.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет