Барлық респонденттерге карантин кезеңінде қандай көмек көрсеткені туралы сұрақ қойылды. Сұралғандардың едәуір бөлігі-36,8%-ешқандай көмек көрсетпеді және волонтерлік қызметпен айналыспады. Сонымен қатар респонденттердің 11,7%-ы азықтүлікті жеткізумен және бөлумен айналысқанын, 9,1%-ы басқаларға азық-түлік сатып алғанын, ал 7,5%-ы медицина және денсаулық сақтау саласында тегін қызметтер көрсеткенін атап өтті (15-кесте). АҚДМ мәліметінше, 2020 жылғы наурызда Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған 1 млн 258 мыңнан астам азаматқа (соғыс және еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға, азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға) көмек көрсетті. 93 мыңнан астам азық-түлік жиынтығы мен 5,5 млн. медициналық маска таратылды. Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін еріктілер мен белсенділер тобы 397 еріктіден тұратын «қоғамдық бақылау» тобын құрды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды, осыған байланысты биыл волонтерлік қызметке үлкен көңіл бөлінеді. Сауалнама барысында сарапшыларға «Волонтер жылы аяқталғаннан кейін волонтерлерге мемлекет тарапынан осынша көңіл бөліне ме?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақ бойынша сарапшылардың пікірлері екіге бөлінді:

көпшілік бөлігі (37,4%) волонтер жылы аяқталғаннан кейін көңіл аз бөлінеді деп санайды,
29,3% мемлекеттің волонтерлік салаға назары өзгермейді деп санайды және