2020 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты, онда волонтерлердің ел өміріндегі рөлі туралы өз пікірін білдірді: «Волонтерлік қызмет реформаларды жүзеге асыруда, жалпы мемлекетімізді жаңғыртуда маңызды рөл атқарады. Яғни, волонтерлер өздерінің ісәрекетімен аса маңызды реформаларды жүзеге асыруға нақты үлес қосады.

2020 жылғы 16 қаңтарда Үкімет Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті онда жалпы алғанда 7 бағытта 40 іс-шараны іске асыруды көздейді, оның ішінде:
Нормалары волонтерлік қызмет саласын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VІ Заңы (волонтерлік қызмет туралы Заң) болып табылады.
Осы Заңда қамтылған Волонтерлік қызметті айқындау (1-бап) еріктілік, әлеуметтік бағыттылық және өтеусіздік өлшемдеріне негізделеді: «волонтерлік қызмет – жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет»