Топтастыру стратегиясы. Төрт түліктің жасына қарай атаулары.
Жылқы: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал,дөнен, бесті,бие, ат. Түйе: нарбота, нартайлақ, бота, тайлақ,інген, атан,бура..
Сиыр: бұзау,торпақ,тана, баспақ, тайынша, қашар,құнажын дөнежін,сиыр,өгіз,бұқа. . Қой: қозы, марқа, кепе, бағылан, тоқты, тұсақ, ісек, қошқар, саулық.
Ешкі: лақ, марқа лақ, шыбыш, туша,бөрте, серке. Төрт түлікке байланысты ұлттық ойындарды білеміз бе? (Бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу, т.б.)
Бұл ұлттық ойындар қай түлікке байланысты? (Жылқы)
IY.Сергіту. «Бәйге» ойынын ойнау. Сұрақтарға жауап беру.1. Бәйгеге шабатын баланы кім дейді? (Шабандоз)2. Қазақ халқы амандасқанда неге «Мал-жаның аман ба?» дейді?(Малды ерекше қадірлеген, қастерлеген). 3. Төрт түліктің адамға пайдасы (көлік, сүті, еті, жүні, терісі).
Y. Шығармашылық жұмыс.
VI. Қорытынды. Топтар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.
YII.Үйге тапсырма.Мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқуға үйрену.
Өтірік өлеңдегі өмірдің шындығы.(Мысал келтіру)
Өтірік өлеңдер(перевертыши). «Өтірік өлңдер де қазақтың халық шығармаларында ертеден орын алған жанр. Мұның түп нұсқасы әзіл-оспаққа, өткір сынға құрлады. Сонымен қатар мұндақиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логиканың күштілігі сарапқа түседі. Әсіресе, балалрдң ақыл-өрісін кеңейтетін фантазиялық қиял пырағы кең шарықтауға дейін мүмкіндік береі. Сөзеткен тақырыптардың бәрінде де адам күлерлік, бой сергітерлік әдемі жарастықты әзіл-оспақтардың болуымен қатарр., өмір танытарлық құбылыстар да қамтылып отырады».
І.Жансүгіров былай деген болатын: «Ел өтірігі - үлкендерден гөрібалалардікі, балалар әдебиетіне жатады». Көлемі шағын өтірік өлеңдер ең алдымен ойын балалары арасында туған. Өтірік өлеңдердің құрылысы қарапайым келеді, ұзын сонар сюжет болмайды. Көбінесе қара өлең үлгісіндегі қысқа шумақтардан тұрады. Мысалы:
Мініп алып құртқа,
Өрмеледім бұлтқа.
Алып келдім Айды,
Көрсеттім көп жұртқа.
Өтірік өлең бала қиялын ұштайды, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Өтірік өлеңнің көлемінің үлкен-кішілігіне қарамастан олардың негізінде іс-әрекет, белгілі сюжет болады. Сюжеттік желіге арқау болған күлкілі әрекеттер бала жанын баурап отырады. Және ол іс-әрекеттер шектен тыс әсірелене(гипербола) немес шектен тыс кемітілген(литота) көркемдік тәсілдермен шендестіріле сипатталады.
«Өтірік өлеңдерді дарынды ақындар қиыннан қиыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қызықты қисындарға құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді халық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді.Авторы белгісіз болғанмен халық аузынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік, мағынасы терең. Өтірік өлеңде әсірелеу-бейнелеу, шендестіру, салыстыру тәсілдері арқылы көркем бейнелер жасалынады, өлеңнің желісі күлкілі сюжеттерге, үдеген фантастикаға(қиял-ғажайыптарға) құрылады. Мысалы:
Жасадым жұмыртқадан алтын табақ,
Сүңгі мұздыборшалап еттім тамақ.
Шегірткенің сирағынан қасық жасап,
Ертеден кешке дейін іштім шалап,
Ондағы оқиғалар шынайы өмірге сәйкес келмейтін дәрежеде; әдейі әсерленіп, шебер суреттеледі. Кейінгі өтірік өлеңдер ғылым мен техникалық прогреске лайықталып, жаңаша ой-қиялға сәйкес құрылған. Өтірік өлеңдер оқушылар мен тыңдаушылардың ой-қиялын, дүниетанымын, өлең өнеріне деген ықыласын, қызығуын дамытады, қисынды ойлауға үйретеді, тілдік қорын молайтады.
«Әрине, балалар репертуарындағы өтірік өлеңдердң ересетер жырынан айырмашылығы бар. Ең алдымен үлендер өтірік өлеңдеріндегі салмақты әлеуметтік жүк балалар өлеңдерінде байқала бермейді. Олардың құрылысы қарапайым, ұзын онар сюжет жоқ. Көбінесе төрт жолдан тұратын қара өлең үлгісіндегі қысқа шумақтардан келеді. Өлеңдерде шендестірілетін заттар, жан-жануарлар да балаларға күнделікті өмірден таныс болп келеді»(К.Ісләмжанұлы. 82-бет).Балалар өтірік өлеңдеріндегі бір ерекшелік, кішкене жәндіктер өлеңге қосылады. Мысалы.
Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын шегірткенің ұстап алып,
Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым.
Өтірік өлеңдерде бейнелеу құралдарына жататын дыбыстық қайталаулардың екі түрлі тәсілі(аллитерация, ассонанс) және эпитет, теңеулер де ұшырасады. Ажарладың екі түрлі дыбыс қайталаы арқылы берілуі өтірік өлеңнің кез келгенінен кездеседі:
Шымшықтың шылым қылдым қу басынан,
Бозторғай шылбыр қылдым шудасынан.
Бір өзіме арайтын мың торғай бар,
Ешкім менің бай емес, бір басымнан.
Өтірік өлеңнің бір ерекшелігі –ұлғайту мен кішірейту.
Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,
Айтпамын өлтірсең де өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Япырмай бәрін тулап өлтіріпті.
Сонымен, өтірік өлеңнің ең басты белгісі- өлеңге бір ауыз шындық қоспай, ақиқат шындықты негізге ала отырып, болмысты керісінше түсіндіру арқылы жаман әдеттен жиренту. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін өтірікші үнемі өлеңде шендестіру, теңеу, көрітеу, әсірелеу арқылы елді күлкіге кенелтеді.