1986 жыл ақпан –наурыз –Қазақстан Компартиясының ХVІ съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне талдау жасамай, жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді;
1986 жылғы 16 желтоқсан –Қазақстан Компартиясы ОК –нің VПленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі:
Қазақстан үкіметінің басшылығына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989 жж).
Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір сүру арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына әкеліп тіреді.
1986 ж. 17 желтоқсан – Алматыда жаппай толқу басталды. Басты себебі: орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар
Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:
8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қала сыртына әкетілді;