Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары


Гимнастиканың түрлерi және олардың сипаттамасы



бет3/9
Дата12.05.2022
өлшемі41,92 Kb.
#34156
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Гимнастиканың түрлерi және олардың сипаттамасы. Дене тәрбиесі жүйесінің даму процесінде гимнастиканың міндеттері біртіндеп анықталды және оның түрлері белгіленді: 1) жалпы денені дамыту гимнастикасына-негізгі гимнастика және гигиеналық, т.б. жатады; 2) спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық гимнастика, спорттық акробатика және көркем гимнастика; 3) гимнастиканың қолданбалы түрлері-спорттық-қолданбалы, кәсіптік-қолданбалы, емдеу гимнастикасы, т.б. Негізгі гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және тұрақты етуге бағытталған жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, организмнің функциялық дәрежесін арттыру (жүрек-қан тамырларының және тыныс алу жүйелерінің) және шынығуын қамтамасыз ету болып табылады.
Ойын - дене тәрбиесі құралы. Мектепке дейінгі балалар болашақ қоғам иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әртүрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Балалармен ойынның әртүрін ұйымдастыра отырып, дене қимылын жан-жақты дамытуға, салауатты өмір салтына тәрбиелеуге болады. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйретеді, табиғат құбылысын танытып, олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі, қызығуы анық байқалады. Ойындар мазмұны мен түріне қарай бөлінеді. Мысалға алсақ, соның ішінде қимыл-қозғалыстық ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адами сапаларды қалыптастырады. Бала қалаған ойынына сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады.

Соның ішінде дене шынықтыруда жиі қолданылатын қимыл-қозғалыс ойынында балалар әртүрлі қимылдар жасай отырып, санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың жан-жақты тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындық, оның бейнелі сәулесі көрінеді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық т.б. тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.

Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да мектепке дейінгі тәрбиеде бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірлік өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекеттің ертеңгі шындық ақиқатқа айналауына жол салады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің дене қимылын дамытады, шынығады, күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Болашақ құзыретті жеке тұлғаның даму, тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Осындай ой-пікірлерден кейін ойын туралы тұжырым жасасақ:

-ойын-тәрбие негізі;
-ойын-ұлттық сананың қалыптасуы;
-ойын-дене қимылын дамытудың бірден-бір жолы;
-ойын-дене қасиетін дамытудың таптырмас құралы;
-ойын-қоршаған дүниені танудың жолы;
-ойын-еңбекке тәрбиелеудің басты құралы;
-ойын-әлеуметтік ортаға үйренудің алғы шарты;
-ойын-шығармашылықтың бастауы;
-ойын-денсаулық;
-ойын-қатынас құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет