Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі Мазмұны Кіріспе


Хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері



бет9/12
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133345
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дип.-Интонация-компаненттерінің-қызметі (1)

Хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері

Қазақ тілінде де басқа тілдер сияқты хабарлы сөйлемдер (Л.Щербаның трактовкасына сүйенсек) бір мүшелі және екі мүшеіл болып екіге бөлінеді. Бір мүшелі хабарлы сөйлем қанша синтагмадан тұрса да, ішкі мазмұнында логикалық қайшылығы жоқ, біртұтас семантикалық, интонациялық бірлік құрайды. Мысалы: Демалыс күні еді (Ғ.Мұстафин), Қара қазан үш жерден құрылған (Ғ.Мұстафин). Бәрі орындарынан тұра бастады (М.Әуезов). Күн ұясына кіріп бара жатыр (Ғ.Мұстафин), Тары әңгімесі ұзаққа созылды (Ғ.Мұстафин). Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыға бастады (Ғ.Мұстафин).


Келтірілген мысалдарыдң бәрі дерлік тұрлаулы мүшелері түгел, екі құрамды бір мүшелі хабарыл сөйлемдер. Бұларыдң интонациялық әуені басында аздап көтеріліп, негізгі тон жиілігі сөйлемнің мағыналық өзегінде молайып барып, содан кейін жайбарақат төмен түсіп барып тынады. Бір мүшеіл хабарлы сөйлемдер көбінесе орта тоналды регистрде айтылады да, тоналды диапазоны мен интервалы шамалы болады. Әуеннің сөйлемнің соңында бәсеңдеуі де интенсивтіліктің азайып минимальды мәнге ие болуымен байланысты. Интенсивтілік пен негізгі тон жиілігінің сызығы да өзара бір-бірімен пропорционалды болады. Бір мүшелі хабарлы сөйлемдер орташа интенсивтілікпен ерекшеленеді. Мұндай сөйлемдердің аяғына қарай қарқынның жылдамдауы мен ұзақтылықтың сәл ғана молаюы байқалады. Ой екпіні түскен сөз басқа сөздермен салыстырғанда молырақ ұзақтылықпен айтылады. Сөйлемнің айтылу қарқыны олардың көлеміне қатысты. Сөйлем қарқынның жылдамдығы – буындар санының көбеюімен байланысты (1-сурет).



ДЕМАЛЫС КҮНІ ЕДІ



  1. сурет. Бір мүшелі хабарлы сөйлемнің интонациялық сызығы.

Егерде бір мүшелі сөйлем бірнеше ырғақты топтан тұрса, топ ішіндегі сөздер екпінмен белгіленбей, ырғақты топтың соңғы буыны акценттеліп мол ұзақтылықпен айтылады. Мұндай сөйлемдердің интонациясы біркелкі, жай толқынды әуенмен ерекшеленеді. Ырғақты топтар арасының паузамен бөлінуі міндетті емес (2-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет