Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі Мазмұны Кіріспе


Сөйлеу коммуникациясындағы интонация варианттарының прагматикалық қызметі



бет6/13
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#12212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дип.-Интонация-компаненттерінің-қызметі

Сөйлеу коммуникациясындағы интонация варианттарының прагматикалық қызметі
Сөйлеу процесі құрылымыдық-коммуникативтік қатынас кезінде, интонацияның ықпалы арқылы жасалып, семантикалық тұтастықты көрсететіндігі белгілі. Осыған орай интонацияның құрылымы мен қатынасына байланысты қазақ тілінің сегіз түрлі интонемалары, яғни бірліктерінң басы ашылып, анықталды.

З.Базарбаева анықтаған қазақ тілінің интонациялық бірліктері (интонема) біздің жұмыста негізге алынып, дайындықсыз еркін сөйлеу актісінде суперсегменттік деңгейдегі эксперименттік зертеу жұмыстары қолға алынып отыр. Олар: 1. Тиянақты интонема 2. Тиянақсыз интонема 3.Жалпы сұрақ интонемасы 4. Арнаулы сұрақ интонемасы 5. Қатал бұйрық интонемасы 6. Сыпайы бұйрық интонемасы 7. Лепті сөйлемдер интонемасы 8. Қыстырма сегменттер интонемасы.

Осы бірліктер дайындықсыз еркін сөйлеу кезінде қолданылатын, интонацияның сан қырлы құбылысын анықтауға ерекше әсер етеді. Әсіресе диалог ретінде құрылыған сөйлеу тіліне интонеманың барлық түрлері қатысып отырады.

Интонация бірліктерінің инварианттары мен варианттары сөйлеу кезінде байқалып, әр түрлі сипат алады. Осы жөнінде : «Фонетикалық варианттардың шегін ажырату қиынырақ. Себебі сөздің дысыстық варианттарын говорларға, басқа тілдің әсеріне ғана емес, орфоэпияға, қарапайым сөйлеу тіліне, тіпті жеке адамдарыдң сөйлеу ерекшелігіне де байланысты түзіле беретіні байқалады» - дейді. Осы орайда жұмыста интонемалар ажыратылып анықталады.

Сөйлемнің өзі тиянақты мен тиянақсыз интонемалардан тұрады. Яғни сөйлем ортасында ойдың әлі аяқталмаған тиянақсыз түрі кездесіп, тема екендігін көрінсе, аяғына қарай толығып өз мақсатына жеткен, тиянақты интонемамен аяқталғанды көрсететін реманы байқалады. Сөйлеу актісінде тиянақсыз интонема жоғары көтерілетін тоналды сызықпен ерекшеленіп, орташа тоналды диапазонмен айтылса, тиянақты интонемаға төменгі тоналды деңгей тән.

Ең алдымен тиянақты интонемак арқылы жасалған сөйлеу түріне тоқталып өтейік. Жалпы тиянақты интонеманың контрлық сызығы басында орташа деңгейде басталып соңына қарай ең төменгі сызықпен аяқталғанды білдіретін деңгейде көрінеді. Яғни мағына тұтастығын, ойдың өз мақсатына жеткендігін танытатын сөйлеу процесі көрінеді. Мысалы: «Сонымен бірге мынау тақтайшалар бар, маңдайшалар бар, дүкөндердің жанындағы атаулар бар, осындайда да біз мемлекеттік тілдің нормасын бұзұп жатхан жағдайлар өтегөп гездесет», «Бірақ содаңгейін сол дүкөндердің төбелеріндегі жазылған жаңағы маңдайшаларды кейін түзеді», «Сондықтан көрөрмендер, оқырмандар ы..ы мәселен өздерінің гөзі түскен осындай көңілі толмайтын жарнамалар бо(л)са, біздің ғалалық «Тіл басқармасына» мына жетпіс бір алпыс бес тоғсан деген телефондарына хабарласып айтуына болат», «Біз архылы оны реттеуге болат», «Неге әсіресе солтүстік облыстарда немесе мына шығыс облыстарда жүрмейатыр деген мәселеге байланысты бү кісілер ойланып-толғанып жүріп, осы мына Шығыс Қазақстан облысында осы Мемаалекеттік тілдің бүгүні мен болашағы» атты «конференция ұйымдастырдық», «Тіл басқармалары олар мемалекеттік мекемелер, өздерінің аудандарында, сол жерге қарасты мекемелердің қызметін бақылап тексеріп дегендей, үйлестіріп отырат», «Қазіргі гезде заң талаптарын заңды түрде талап етіп, заңымыздың жүрмей жатқан жерін зерттей отырып мына жер жүрмей отыр, мынадай жаңағы құқықтық базасы жетілмеген деген сияқты нақты мысалдар ақылы, нақты ұсыныстар арқылы ғана ғолымыз жетет», «Ы..ы оны республикалық бар, облыстық, қалалық бөлімашелер ғұрылт, ауылдық та бөлімашелер ғұрылған шығар» т.б. Көбінесе дайындықсыз сөйлеу актісінде А.Мартиненің «Үнемдеу принципі» бойынша, тиянақты интонемамен айтылған сөйлемнің соңында қарқынның күшейе түсуі үнемдеу мақсатында екендігі көрінеді. Мыс: реттеуге болады – реттеуге болат, үйлестіріп отырады – үйлестіріп отырат т.б. синтагмаларынан көрінеді. Бұнда сөйлеу процесінде ойдың аяқталуы төменгі сызықпен өлшенеді, яғни ең төменгі бірінші тоналды деңгейге түседі. Тиянақты интонемалар сызығының варианттары 2-ші мен 3-ші деңгейден басталып, соңы кейд ежылдамдап, кезде баяу қарқынмен төмендей түседі. Сол себепті дайындықсыз сөйлеу кезінде прагматикалық ой тұтастығын сыртқы шығару барысында сөйлеуші өз мақсатын жүзеге асыру үшін ойын жинақтап, қабылдаушыға түсінікті тілмен жеткізіп, тияанақты интонема арқылы мағыналы ойды айқындайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет