Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі Мазмұны Кіріспе



бет1/13
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#12212
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дип.-Интонация-компаненттерінің-қызметі


Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі

Мазмұны


Кіріспе
Интонацияның шығу жәйі.
І. Тарау
1.1. Интонация туралы жалпы түсінік
ІІ.Тарау
2.1. Интонацияның компаненттері
2.2. Интонация және оның компаненттерінің сөйлемдегі қызметі
2.3. Интонация компаненттерінің дайындықсыз сөйлеу тіліндегі көрінісі
ІІІ. Тарау
3.1. Жәй сөйлемнің құрылымдылық коммуникативитілік түрлерінің интонациясы
3.2. Күрделенген сөйлеммен құрмалас сөйлемнің және күрделі синтаксистік тұтастықтың интонациялық ерекшелігі
Қортынды
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін, яғни сөйлемдердің, текстің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.

Әуелде «интонация» термині латынның «intonare», «қатты сөйлеу» деген сөзінен пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы. Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, тембр интонацияның компоненттері болып табылады.

Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әрқилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын ролі ерекше. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептеледі. Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екені айтылады. Олар сол интонация өзгерістерін аңдап, өзара қатынастарына, тіршіліктеріне сигнал қабылдайды.

Демек, сөйлеу тілінің пайда болуынан көп бұрын үйірлі хайуанаттардың қарым-қатынасына қызмет еткен интонация еді деп топшылауға болатын тәрізді. Интонацияның адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құрал екендігін онтогенез көрсеткіштері де дәлелдей түседі. Мысалы, бесіктегі сәбилер алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз мағынасын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға бастайды, соған сай әрекет жасайды. Оған біреу қатты сөйлесе, иегін кемсеңдетіп жылай бастайды да, ал енді біреу жағымды дауыспен «агу-агу», «кіш-кіш» десе де, сол сияқты анасының еркелеткен сөздерінің мағынасын ұқпаса да көздерін жаутаңдатып, езу тартып күледі.

Интонация тонының (тональность) сөйлеу сөзінде де, адамдардың қарым-қатынасында да үлкен орын алатыны бәрімізге мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға айдан анық.

Сондықтан, интонацияның сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек.

Интонацияның сөйлеу тіліндегі күрделі құбылыс ретінде атқаратын ролі айырықша. Ол сөйлемнің құрылуы мен жасалуына ғана қызмет атқарып қоймай, сонымен бірге оның коммуникативтік мағынасын, эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Оның үстіне интонацияның сөйлем мен сөйлемнің ара жігін ажыратуда да мәні зор.

Кейбір зерттеушілер интонацияны субъективтік құбылыс деп есептейді. Мәселен, олардың айтуына қарағанда, бір тексті әркім әр түрлі мәнерде, әр түрлі интонациямен өзінше оқитын тәрізді. Сонда ол текстің міні де өзгереді дейді. Біздіңше, ондай өзгеріс яғни, бір тексті әркімнің әр түрлі оқуы, сол текстің мазмұнын жете түсінбеуінен болатын сияқты. Мұндай жағдайда ол текстің мазмұны да ауытқып кетуі әбден мүмкін. Бірақ бұған қарап интонацияны субъективтік құбылыс деп айтуға ешбір болмайды. Себебі онда интонацияның тілдегі объективтік, күрделі де көп қырлы функциясын жоққа шығарған болар едік. Сөйлемнің мағынасы мен интонациясының бір-бірімен тығыз байланыста болуының өзі интонацияның коммуникативтік зор маңызының айғағы болып табылады. А.М. Пешковский: «Адам сезімін сөз арқылы жеткізу мүмкін емес, оны тек интонация арқылы беруге болады», - деп жазыпты. Л.В.Щерба интонацияның жазу тіліндегі мағынасы мен көрінісіне ерекше көңіл аударады. Оқуда да, жазуда да (тексте) интонация компоненттерінің маңызы зор. Сондықтан, тексті оқушы оның интонациясын дұрыс «оқып» шығуы керек. Онсыз текстің негізгі маңызын түсіну қиын.

Интонацияның компоненттері боылп саналатын пауза, қарқын, әуеннің жоғарылау, төмендеу сияқты түрлерін жазу тілінде белгілейтін – тыныс белгілері. Сондықтан, сөз түсінікті болу үшін тыныс белгілерін «жаза» да, «оқи» да білу керек. А.Б. Шапироның пікірі бойынша «...жазуда айтушының ойы, сезімі, пікірінің рең бояуы тек қана пунктуация арқылы беріледі, ал оқушы қойылған тыныс белгісін көреді де, сол айтушының ойындай етіп қабылдайды».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет