Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі Мазмұны Кіріспе


Тиянақты интонеманың сызбасы



бет7/13
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#12212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Дип.-Интонация-компаненттерінің-қызметі

Тиянақты интонеманың сызбасы


  1. Мәселен огезде \ тек қана ұлттық идеологиямызды, \ ұлттық

тілімізді \ әдебиетімізді, \ мәдениетімізді ғорғайтын \ қоғамдық ұйым ретінде ғұрылған болатын. Ы..ы оны республикалық бар, \ облыстық, \ қалалық бөлімшелер ғұрылт, \ ауылдық та бөлімшелер ғұрылған шығар (1-сурет).

Бұл синтагмалар екінші тоналды контурдан біріншіге төмендеу арқылы тиянақты интонема арқылы жасалған. Яғни сөйлеу актісінде ойдың аяқталуы орташа диапазонмен айтылып, адресант сөйлем соңында адресаттан толық ақпарат алу үшін күмәнмен айтып, көз жеткізу мақсатында екендігі көрінеді.
















  1. Қазіргі гезде заң талаптарын, \ заңды түрде талап етіп, \

заңымыздың жүрмей жатқан жерін зерттей отырып мына жер жүрмей отыр, мынадай жаңағы \ құқытқық базасы жетілмеген \ деген сияқты нақты мысалдар арқылы, \ нақты ұсұныстар арқылы ғана қолымыз жетет. Біз архылы \ оны \ реттеуге болат (2-сурет) – деген синтагмалар үшінші тоналды контурдан, төртіншіге көтеріліп барып төмендеу арқылы тиянақты интонемамен айтылған. Өйткені адресат маңызды ойды сөйлемнің соңында нық айтып, акценттеу арқылы берген. Әсіресе соңына қарай үнемдеу принципі бойынша қарқыны










жалдамдай түскен.



  1. Мына тіл басқармаларындағы \ қызметкерлер \ қаншалықты

осы тілге жанашырлық танытып жатқанын ғайдам, бірақ содаңгейін \ сол дүкөндердің төбелеріндегі жазылған жаңағы маңдайшаларды \ кейін түзет. – деген сөйлеу актісінің басы өте жалдам қарқынмен басталып, соңына қарай қарқыны жылдамдай түскен, яғни үнемдеу принципі арқылы қарқынды айтылу байқалады. Яғни сөйлеу актісінің соңына қарай түзе (ді)–ні түзет деп ұяңнан қатаңдануы, дайындықсыз сөйлеу актісіне тән құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет