Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А. Н. Леонтьев).
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:
• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
• Орта білім беру;
• Орта арнаулы оқу орындары;
• Жоғары білім беру;
• Қосымша білім беру;
• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьмина
бойынша):
1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын
аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың
әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету
стратегияларына ие;
4-деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың
білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін
меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын
қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту
қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.
Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады.