Тақырыбы: Жаңашыл педагогтар идеялары


Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңызды ісәрекеттердің бір түрі



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі222,38 Kb.
#16370
1   2   3   4   5
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңызды ісәрекеттердің бір түрі.

Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады.

Педагогикалық іс-әрекет түрлері:
  • Оқыту
  • Дамыту
  • Қоғамдық
  • Әдістемелік
  • Ғылыми-ізденіс
  • Ұйымдастырушылық
  • Өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу

Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.

Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.

Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғандықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті.

Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері:
  • Оқыту
  • Тәрбиелеушілік
  • Зерттеушілік
  • Аналитикалық-бағалаушылық
  • Диагностикалық
  • Коммуникативті-ынталандырушы
  • Бағыттаушы-болжаушылық
  • Конструктивті-жобалаушылық
  • Ұйымдастырушылық
  • Дамытушылық

Диагностикалық қызмет бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелікдеңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.

Бағыттаушы-болжаушылық қызметмұғалімнің тәрбиелік ісәрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.

Конструктивті-жобалаушылықпедагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.

Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндеттерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын, оқушылармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.

Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.

Коммуникативті-ынталандырушы бұл мұғалімнің педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.

Талдау-бағалаубұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.

Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет