Тақырыбы: Жаңашыл педагогтар идеялары


Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі222,38 Kb.
#16370
1   2   3   4   5
Байланысты:
пед шеберлік слайд-1

Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады:
  • Конструктивті
  • ұйымдастырушылық
  • коммуникативті іс-әрекеттер.

Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы

Конструктивті

іс-әрекет
  • Конструктивті-мазмұндық
  • Конструктивті-оперативті
  • Конструктивті-материалдық

Ұйымдастырушылық

іс-әрекет

Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке қосуға ұжымды қалыптастыруға бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі



Коммуникативті

іс-әрекет

Педагогтың тәрбиеленушілермен,

мұғалімдермен,

ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-әрекеті.



Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық

іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады.

Конструктивті іс-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті- оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады:

1) Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты іс-әрекеттерден құралады.

2) Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жоспарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.

3) Конструктивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыру түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекі құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды.

Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструктивті іс-әрекеттің жалғасы деп айтуға болады.

Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттерін нақты іс-жүзінде жүзеге асарады. Оқушыларды білім алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйелі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін, әр түрлі тәрбиелік шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.

Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-әрекеті.

Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орната алуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын, педагогикалық әрекеттің этикасын меңгеру маңызды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет