Ф-ОБ-001/033 Қазақ халқының отбасы мен некеге байланысты мәселелерін терең зерттеген ғалым Х. Арғынбаев былай дейді: «…Қарғы бауы алынған қыз бұдан былай айттырушының заңды қалыңдығы боп есептеледі». Неке шартын одан да күшейте түсетін екінші салт «құйрық-бауыр» тағамын дайындап, оны қалыңдық пен күйеу ата-аналарының (екі жақ құдаларының) жеуі болды. «Құда түсер кезінде шарттың ресми жасалуы «құйрық-бауыр»асын жеумен ресімделген шартпен қосылып, бекітіледі. Қазіргі уақытта бұл шарт актісінің елеулі маңызы бар және шын мәнінде неке-шарт қатынастарының пайда болып, қалыңдық пен күйеудің ата-аналары арасында толып жатқан құқықтар мен міндеттер туғызады».
Сонымен, «құйрық-бауыр» жеу неке шартының түпкілікті жасалғанын көрсететін, мәні жөнінен неғұрлым зыңды екінші факт болып табылады. «Жақындық туыстығын түсіндіргісі келген қазақ, - деп жазады Х. Арғынбаев, - «құйрық- бауыр жескен құда едік» дейтін. Ал құйрық-бауыр жеудің мәні не? – десек, бұл – екі жақтың бауырласып, туыс болғанын көрсету белгісі. Құда болған екі жақтың бірі жазатайым бата бұзып, би алдына жүгініске барса, «ақ бата жасасып, құйрық-бауыр жесіп пе едіңдер?» - деп сұраудың өзі ілгеріректе мұның маңызды әдет екендігін дәлелдейді. Екі жағы құйрық-бауыр жегендерін мойындаса, билер бата бұзған жағына дереу айып кесетін».
Ж. Ақбаев қазақтарда неке шартын жасасудың заң жүзіндегі ерекшеліктерін көрсетіп қана қойған жоқ. Ол неке шарты қатынастарының субъектілері құқылық жағдайының ерекшеліктеріне назар аударды. Неке шарты шаңырақ көтеріп, үй болғысы келген әйел мен еркек арасында жасалмаған. Неке шартының субъектілері, бір жағынан, қыздың ата-анасы және екінші жағынан, күйеудің ата-анасы болатын. Сондықтан, Ж. Ақбаевтың дұрыс атап өткеніндей, неке шартын жасасу нәтижесінде қалыңдық пен күйеудің ата-аналары арасында толып жатқан құқықтар мен міндеттер пайда болады.Бұл құқықтар мен міндеттерді ол егжей-тегжейлі қарастырмайды, олардың жалпы мағынасы мен бағыт-бағдарын атап көрсетеді. Бұл орайда Ж. Ақбаев құқықтың шығу тегі мен мәнінің сол кезде Ресейдің кең таралған психологиялық теориясына сүйенеді.
59
Ф-ОБ-001/033 Ж. Ақбаев «құйрық-бауыр» жесу жолымен жасалатын неке шартының психологиялық мағынасы адам организміндегі қан түзуші мүше – бауырдың мәнінен туындайды. Түркілер туған аға-інілері мен апа –қарындастарын ежелден «бауырым» деп атаған. «Бауыр» жесуден аңғарылатыны, - деп жазады Ж. Ақбаев, - қалыңдық пен күйеудің ата-аналары туған аға-інілер мен апа-қарындастар сияқты туыстасып кетуге тиіс екендігін көрсетеді.
Осының нәтижесінде қалыңдық пен күйеудің ата –аналары адамгершілік-құқылық жағынан бірігеді және олар бір-бірі жөнінде өздерінің барлық байлығы мен мүлкін құрбан етуге тиіс. Олар – қалыңдық пен күйеудің ата-аналары (туыстар) кейінгі бірнеше ұрпақтар бойы туыстарға айналған. Неке шартынан туындаған бұл құқылық дәстүрдің тым еретеден келе жатқанын және ата-аналардың қоғамдағы өз жағдайын нығайту үшін әлеуметтік зор маңызы болғанын айта кеткен жөн. Бұл жөнінде «Талас ескерткіштерінде»қызықты мәліметтер бар: «Қыз берісіп, келін ічкәріп мің йыл түмән күнкі сақынч сағынұрлар» - «Қыз беріп, келін түсіріп, олар мың жылға және он мың күнге (бәрін) ойластырады». Демек, қазақтардың неке шартын құқық тұрғысынан ғана емес, психологиялық теория тұрғысынан да түсіндірудің негізі бар сияқты. Сондықтан қазақтың Ж. Ақбаев келтірген «күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген мәтелі қазақтардың бұрынғы бөгде адамдардың туыстық топқа бірігуіндегі, жақындасуындағы неке одағының мәні туралы түсінігін көрсетеді.
Неке шарты жасалғаннан кейін сахнаға тікелей неке қатынастарының субъектілері ретінде күйеу мен қалыңдық шығады. Бірақ ерлі-зайыпты болардан бұрын күйеу ендігі жерде адамгершілік жағынан да, құқылық жағынан да еш маңызы жоқ, матриархат кезеңі ғұрпының қалдықтарын психологиялық жағынан маңызды жайт болмайтын бірқатар кедергілерден өтуге тиіс. Біздің пікірімзше Ж. Ақбаевтың оларды психологиялық құбылыс ретінде сипаттауы негізсіз де емес. Күйеу басқа рудан, қыз алып қашқысы келетін жау сияқты қабылданады. Ру мүшелері оған қарсылық көрсетеді, күйеудің серіктері мен қалыңдықтың туыс қыз-жігіттер арасында тартыс
60