Ф-ОБ-001/033 қазақ құқығын ол шын мәнінде қандай болса, сол күйінде түсінген.
Мемлекеттіліктің дамымағандығы, мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесінің болмағандығы, бір жағынан, құқылық жүйенің дамымағандығы, оның салаларға бөлінбегендігі және жүйеленбегендігі салдарынан қазақ құқығында күштеу элементтері айқын көрсетілмеген еді. Бұл құқылық нормалардың бұзылғаны үшін жаза, күш қолдану көзделмегенін білдірмейді. Жаза қолдану да көздеді, күштеу де болды. Бірақ мұның бәрі негізінен қоғамдық пікірге сүйеніп, қоғамдық санаға «сіңіп кеткен» сияқты болатын. Ал біздің пікірімізше, құқық бұзушылық үшін жаза қолдану құқықтың сипатты белгісі ретінде қабылданбаған. Ол құқық ұғымының сыртында қалған. Әйтпесе, қазақтардың санасында құқықтың тек бір тұрғыда: «Қасқа жол», «Ақ жол» тұрғысында болғаны неліктен екенін түсіндіру қиын.
Екінші. Ж. Ақбаев өз анықтамасында құқық ұғымының психикалық қызмет нәтижесі екенін атап көрсетеді. Бұл арада Ж. Ақбаев қандай да бір ұғым ойлану үрдісінің қорытындысы болып табылады деген ғылыми теорияға сүйенеді. Құқық сияқты күрделі құбылыс терең ғылыми зертеулердің нәтижесі ретінде, сондай-ақ адамдардың өздерінің практикалық тіршілік үрдісінде ұғынылуы мүмкін. Екі жағдайда да құқық туралы түсініктер белсенді және қорытушы психикалық қызметтің қорытындысы болып табылады.
Үшінші. Ж.Ақбаев құқық ұғымында тар өрісті таптық көзқарасты қабылдамайды, ал ол ХХ ғасырдың бас кезінде заң әдебиетінде орын ала бастаған еді. Ж. Ақбаевтың тұжырымнша қазақ құқығы бүкіл халықтың еркін білдіреді, өйткені халық психологиясы жалпы алғанда оны әділетті, дұрыс құбылыс деп таниды. Сірә, әділ билерге құдайдай табыну мен қарау билерді сынау сияқты ғажайып құбылысты осымен түсіндіруге болатын шығар. Екі жағдайда да дамдар қалыптасқан құқылық нормалардың әділдігіне сенген.
Төртінші. Ақырында, Ж. Ақбаев «жол» термині «материалдық дүниеден» алынған және оның үстіне тек қазақ құқығының ғана ерекше белгісі емес деп дұрыс ескерткен. Орыс және француз құқығында да солай болған. Басқаша
айтқанда, Ж. Ақбаев халықта құқық ұғымы қалыптасуының объективті
52
Ф-ОБ-001/033 заңдылығы оның материалдық өмір жағдайларына байланысты екенін атап көрсетеді.
Ж. Ақбаев қазақтардағы құқық ұғымының тұжырымдалуымен шектелмейді. Ол құқық («жол») ұғымын әдет (обычай) ұғымынан шектеу қажет екендігі туралы ой айтты. Біздің ойымызша, бұл мәселеде де Ж. Ақбаев салиқалы пікірге келген. Ол «қырғыздардағы азаматтық hadat, hadlet - араб сөзі» деп дұрыс атап көрсетеді. Шынында да, түркі тілдес халықтар «хұқ» ұғымын, тегінде, Х-Х1 ғасырларда болар, арабтардан алған, қалай дегенмен де ол Ж. Баласағұнидің «құтты білігі» мен М. Қашғариде кеңінен пайдаланады және құқылық мәнінде көшпелі өмір салтын ұстаған қазақтардың құқықты қоғамдық өмірді дұрыс жолға салатын құрал деп мәніде емес, жай ғана әдет-ғұрып мәнінде қолданылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, «құқық» ұғымы «төртеу» терминімен білдірілген. Ал ежелгі түрік тілінде «әдет-ғұрып» «өгірәйүк» және арабша «ғадет» деп аталған.
Әдет-ғұрыптың «өгрәйүк» деген түрікше ұғымы М. Қашғаридың сөзідігінде кездеседі. Уақыт өте келе, «өргәйүк» «әдет-ғұрып» ұғымы ретінде қолдану үшін тоқтатқан, бірақ нақ сол мағынасында сақталып қалған, ал оны «ғадет» (әдет) термині алмастырғандықтан, жай ғана әлеуметтік маңызды сипатын жоғалтқан.
«Ғадет» (әдет) ұғымы толық құқылық мәнге ие болған жоқ және «құқық»ұғымын білдірмеді. Түркілер мен қазақтар, өз мұрагерлері сияқты, «ғадетке» неғұрлым адамгершілік мазмұн берген. Бұл ұғым, біріншіден, халықтың әдет-ғұрыпты мағынасында («ауру қалса да әдет қалмайды»), екіншіден, мемлекеттік (әкімшілік) ғұрып ретінде қолданыла бастаған.
Айтылғандардың бәрінен қандай қорытынды шығады? Ж. Ақбаев ашып жазбағанымен, оның пайымдауларынан қазақтар өздерінің құқылық жүйесін әдет немесе әдеттегі құқық (дағдалы құқық ) деп атамағанмен деген қорытындының туындауы қисынды. Қазақтардың өз құқығын былай деп атай алмағаны олрадың «әдетті» таза құқылық құбылыс деп қабылдамайтындығынан ғана емес, сонымен қатар құқылық нормалар
53