Мазмұны
Кіріспе……………………………………… . …………………………..3
I. Тарау. Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі
1. Ж.Ақбаевтың саяси өмірбаяны ………………………….....7
1. 2. Ж. Ақбаевтың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси күрес тарихындағы орны ……………………………............... ...17
II. Тарау. Ж. Ақбаевтың тарихи-саяси көзқарастары.
1. Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекеті мен халқының пайда болу тарихына көзқарастары ……………………………................36
2. 2. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көқарастары ……….........43
Қорытынды………………………………………………………..….....60
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………….....62
3
Ф-ОБ-001/033 Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғалымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның үлттық сана-сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресуінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі мен тарихи қөзқарстарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде осы тұрғыдағы тақырыптар терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде комунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Сондықтан да ол кезде топтық және партиялық принциптер негізге алынып, ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Сол сан салалы тарихи процестерді зерттеуде біржақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті.
Біз бұл арада кеңес дәуіріндегі зерттеушілерді кіналаудан аулақпыз. Себебі барлық баспа өнімдері цензураның «қырағы көзінің» мүмкін емес те еді. Сондықтан кеңес дәуіріндегі ғылыми еңбектердің басым көпшілігінде ел тарихының шешуші кезеңдерінде оның беталыс бағдарына үлкен әсер еткен көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлердің еңбегіне өз дәрежесінде лайықты баға берілмеді. Ендеше еліміз тәуелсіздік алған кезеңде Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол ХХ ғасырдың басында Европадағы саяси күрестің беталыс бағдарларынан әбден хабардар қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобының ішінде өзіндік орны бар бірінші өмірі мен мол мұрасын жаңа заманның биік талаптары тұрғысынан және ғылыми объективтілік принципімен зерттеу, бүгінгі тарих ғылымының алдындағы маңызды бір тақырыптардың қатарынан саналса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |