Ф-ОБ-001/033 қабырғасынан тыс жерлерде таралып жатқан демократиялық идеяларды бойына сіңіре берді. Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы Ресей үшін революциялық қозғалыстың дамыған кезеңі болғаны мәлім. Кеңбайтақ Ресей халықтарының барлық топтары арасында самодержавиелік құрылысқа наразылық өрістей түсті. Ж. Ақбаев ешқандай ұйымға кірмеуге, қоғамдық қызметпен айналыспауға міндеттеме алып, оны орындауға қаншалықты тырысқанына қарамастан, ол бұл міндеттемені дегенмен де орындаған жоқ, мұны оған қарсы Семей губернаторының қозғаған ісі дәлелдейді. Мұның өзі Ақбаевтың ыждағатты да тәртіпті студент қана емес, демократиялық идеяларды жанына жақын қабылдайтын жас болғанын да көрсетеді. Оның үстіне, біздің бұдан әрі көретініміздей, Ақбаевтың бойында ұлттық демократиялық көзқарастар мен идеялар қалыптасты. Ол демократиялық идеяларды абстрактілі түсінген жоқ, қайта оларды отаршылдық езгідегі қазақ халқының тұрмыс жағдайына бейімдеуге талпынды. Заң факультетінде оқи жүріп, Ж. Ақбаев мынадай курстарды тыңдады: Рим құқығының тарихы, Рим құқығының догмалары, Орыс құқығының тарихы, Мемлекеттік құқық, Шіркеу құқығы, Полиция құқығы, Саяси экономия, Статистика, Азаматтық құқық, Сот ісін жүргізу, Сауда құқығы, Қылмыстық құқық, Қаржылық құқық, Халықаралық құқық, Құқық энциклопедиясы, Құқық философиясының тарихы.
Санкт-Петербург университетінің Ақбаев оқуға түскен заң факультеті сол кезде Л.И. Петражицкий (құқық психологиясы), В. Милютин (орыс мемлекеттік құқық), И. Ивановский (дипломатия), К.Неволин, К. Кавелин (азаматтық құқық), Я. Баршев (орыстың қылмыстық және полициялық құқығы), В. Спасович (қылмыстық құқық), В. Порошин мен И. Горлов (саяси экономия мен статистика) және басқалар сияқты аса көрнекті ғалымдармен даңқы шыққан еді. Талантты жас жігіт оқу басталысымен-ақ оқытушылардың назарын аударып, олар мұның тамаша болашағы бар деп білді. Бұған мынадай мысал да айғақ бола алады: магистрлік диссертация жазатын кезде Жақыптың ғылымдық
жұмысына жетекшілік етуге ректордың өзі, қабілетті студентке жылы қарайтын
құқықтанушы профессор А.Х. Гольмстен ықылас білдірді.Оның ғылыми
10