Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Біз бұл еңбегімізде ХХ ғасырдың
4
Ф-ОБ-001/033 бас кезіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басы-қасында жүріп, патшалық
Ресейдің отаршылдық саясатына ашықтан ашық өзінің күрескерлік рухтағы
тарихи-саяси көзқарастарын айтудан қорықпаған бірегей тұлғаларымыздың қатарындағы – Жақып Ақбаевтың өмірі мен қызметі не! Сол арқылы оның тарихи-саяси және құқықытық көзқарастарының қалыптасу эволюциясын арнайы зерттеуді мақсат еттік. Осы мақсаттың негізінде зерттеудің төмендегідей міндеттері шығады:
- Ж.Ақбаевтың қоғамдық, саяси және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді бүгінгі заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы жанама түрде болса да пікір білдіру, қарастыру;
- Ғасырлар тоғысы мен ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси, қоғамдық-әлеуметтік процестердің қазақ зиялыларына, оның ішінде Ж.Ақбаевтың саяси қайраткер ретінде қалыптасуына және саяси күресте кәдеге жарағанын саралау;
- Ж. Ақбаевтың өскен ортасы, білім алған орны мен саяси күрестегі орыс және қазақ зиялылары арасындағы өмірін зерттеу, салыстыру арқылы оның дүниетанымы, тарихи-саяси және құқықытық көзқарасы эволюциясының ішкі мазмұнын, тарихи мәнін ашу;
- Патша өкметі құқық қорғау мекемелерінің 1903-1917 жылдар аралығындағы Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановқа қарсы қозғаған қылмыстық, әкімшілік істерін талдау арқылы олардың құқықтық, саяси сипаты мен мазмұнын көрсетіп, қазақ даласын отарлаудағы жазалаушылық қызметінің құпиясын ашу;
- Ж. Ақбаев көзі тірісінде жарияланған және жарияланбаған еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оның бірегей ұлттық тұлға ретінде қалыптасқан теориялық және саяси кемелдігін дәлелдеу.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері.ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің Ресейге бодандығының мейлінше күшейген кезеңінде “елім, жерім деп” саяси күреске шыққан Ж. Ақбаевтың туылғаннан, яғни Х1Х ғасырдың соңғ30-жылынан ХХ ғасырдың басына дейінгі 58-жыл аралықты қамтиды (1876-1934)
5
Ф-ОБ-001/033