Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст



бет9/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
Дип.-Ж.-Ақбаевтың-өмірі-мен-қоғамдық-саяси-қызметі

Ф-ОБ-001/033
онсыз да ауыр жағдайын нашарлата түсіп, халықтың тұрмыс деңгейіне едәуір төмендеуіне әкеп соғады деп пайымдауына мүмкіндік береді. Қортындысында Жақып бұрынғы салық салу жүйесін сақтап қалуды ұсынды, өйткені, оның пікірінше, « пропорциялы салық салу кедей және қайыршылық халге түскен қырғыздардың жеке басы бостандығының партиясы әрі игілігінің кепілі болып табылады». Ақбаевтың бұл мақаласын сол жылы «Дала уәлаяты» газеті орыс және қазақ тілдерінде көшіріп басты (1901, №12). Сөйтіп, Жақып өз халқының мүдделерін студент болып жүрген кезінде – ақ қорғай бастаған. Сол жылдары Петербургте Ақбаев Алашорда бойынша болашақтағы серіктері болған, кейінгі қазақ халқының мақтанышына айналған Әлихан Бөкейханов, Барлыбек Сыртанов, Райымжан Мәрсеков, Тұрлыбек Айдарханов, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев және басқалар оқыды.
Унерверситетті алтын медальмен тәмәмдап, қазақ халқынан тұңғыш «право магистрі»деген ғылыми атаққа ие болған Жақып Ақбаев 1903 жылы туған еліне оралды. «Елге оралған соң әкеме ата-анасы, жора-жолдастары «үйлен»деп, оқыған, мәдениетті, сымбатты жігітке өзіне лайық жар таңдатады. Таңдау сол кезде Қарқаралыдағы ауқатты татар байларының бірі Халиолла Бекметовтың бойжетіп отырған сұлу қызы Гүлбахорға түседі. Әкесі арқылы Халиолла байға кісі жіберіп, сұрау салады. Болашақ қайын атасы қызы көнсе, өзінің қазақ байымен құда болуға қарсы еместігін білдіреді. Мұны естіген Жақыпты бұрын көрмеген қаланың ерке сұлуы «қазаққа бармаймын» деп қиғылық салыпты. Осы кезде үйге Халиолла байдың рұқсатымен үстіне су жаңа фрак киіп, алтын пенснесін жарқылдатып Жақып келеді. Көріп, көңілі әбден орныққан анамыз әуелгі райынан қайтып, келісімін береді», - деп жазады өз естелігінде Жақаңның үлкен қызы Аргуния апай әкесінің үйленуі туралы. Шындығында Гүлбахор (ел арасында Жақаңның еркелетіп қойған атымен «Гүлбіш» деп атап кеткен) жеңгеміз өте көрікті, келісті адам болыпты. Оны Гүлекеңнің жас кезінде түсіп, әлі күнге дейін сақталған суреттері дәлелдей алады. Кейін екеуі
Омбыдағы сауық кештердің сәні болып, Гүлбахор ең сұлу әйелге берілетін жүлделерді алып отырған.
14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет