Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туындауының психологиялық негіздері


Қақтығыс туындауының психологиялық негіздері, жасөспірім шақтағы қақтығыс



бет3/12
Дата28.04.2022
өлшемі265,36 Kb.
#32577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туындауының психологиялық негіздері

1.1 Қақтығыс туындауының психологиялық негіздері, жасөспірім шақтағы қақтығыс

Құрметті ата-ана! 12–18 жас аралығындағы балаңыз кенеттен өзіне өрескелдік танытуға мүмкіндік бере бастағанын, әдепсіз болып, үйде сирек бола бастағанын, сізбен құпиясын бөлісуді тоқтатқанын, өз бөлмесінде жиі жалғыз қалуға, жалғыз болуға тырысатынын, адуынды бола түскенін байқасаңыз, демек сіз және сіздің балаңызда өзгерістер бастай- 12 13 тын даму уақыты келгені. Бұл есею кезеңінің қалыпты және маңызды бөлігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары бұл жасты жасөспірімдік кезең деп анықтаған, ол кезеңде: жыныстық жетілудің басталуына дейінгі жыныстық дамудың екінші реттік жыныстық белгілер; балалардың психологиялық процестері ересектерге тән мінез-құлыққа ауысады; толық әлеуметтік-экономикалық тәуелділіктен салыстырмалы әлеуметтік тәуелсіздікке ауысу процесі жүреді (жасөспірімдер – 10 жастан 19 жасқа дейінгі тұлғалар). Осылайша, 12–18 жас кезеңі адам дамуындағы маңызды кезең, бала мен ересек арасындағы өтпелі кезең. Бұл уақытта өсіп келе жатқан бала ересектерден бөлініп, тәуелсіз болуға көмектесетін өмірлік мәселелерді шешеді. Жасөспірім осы кезеңнің ерекшеліктерін бастан өткереді. Жыныстық гормондардың әсерінен бала организмі қарқынды дамиды және өседі.

Жасөспірім ағзасында және көңіл күйінде болып жатқан бұл өзгерістер табиғи өзгерістер. Бұл кезең жеке тұлғаның даму кезеңдерімен байланысты және мұны басқа сөзбен «отбасынан кету» деп те атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда, бала әлі де ата-анасымен бірге өмір сүре береді, оларды жақсы көреді, бірақ психологиялық тұрғыдан бала атаанасынан бөлініп, құрдастары мен қоғамға қарап бой түзей бастайды. Осы кезде бала әлемді жаңадан ашады.

Көп тәжірибе жасайды, әртүрлі мінез-құлық үлгілерін сынап көреді, қолданып қарайды. Балаға осы өмірде не істей алатынын, өзі кім екенін зерттеуі және түсінуі қажет. Міне, сондықтан дәл осы кезеңде бала табиғаты үлкен өзгерістерге ұшырайды және көптеген жасөспірім қауіпті мінез-құлық түрлерін «сынап көреді». Бұл кезең жасөспірімнің өсуіне, белгілі бір өмірлік дағдыларды жинауға және «не жақсы, не жаман» деген құндылықтарды анықтауға көмектеседі.

Жасөспірім өзін және басқа адамды түсінуді, сондай-ақ жеке менін қорғауды үйренеді. Баланың есеюі кезінде ата-аналар да «өзгеріс» кезеңін бастан өткереді. Осы сәтте көптеген ата-ана өзін, сезімін және баласының сезімін түсінбегенін және абдырағанын байқайды. Кейде ата-анаға баласының жақында есейетінін, жасөспірім екенін қабылдау қиынға соғады. «Бірбеткей баланы қалай тәрбиелеу керек? Өсу мен салауатты дамуды қолдау үшін қандай әдістерді қолдану керек? Абдырамауға және беделімді қалай сақтауға болады?» – деген сұрақтар туындайды. Ата-ана міндеті өз беделімен және тәжірибесімен баланы басу емес, керісінше жасөспірімге ұдайы түсіністік таныта отырып сөйлесуге тырысу, баланың дәлеліне құлақ қою, өз тәжірибесімен бөлісу.

Ұлыңыздың немесе қызыңыздың мінез-құлқында әлдене ұнамаса немесе түсініксіз болса, оны бірден кемсітпей, қорқытпай, ашықжарқын, сенім орната отырып әңгімелесу арқылы жағдайды қолға алу қажет. Кез келген әңгімеде сезімге сүйену маңызды, егер сіз өзіңіздің жасөспіріміңіз туралы алаңдасаңыз, өз уайымыңыздың себебімен бөлісіңіз, бірақ баланың пікіріне сенім артуға тырысыңыз.

Балаңыз уайымыңызды манипуляциялауға жол бермеңіз. Қызым тез есейіп кетті... оны қалай жақсы түсінуге болады? 14 15 кезде ата-ананың шыдамы таусылатыны заңды. Кейде оларға өздерінің жағымсыз сезімін жеңу қиынға соғады, бұл жағдайда жасөспірімнің көз алдында ата-ана өз беделін сақтауы мүмкін болмай да қалады. Не істеу керек? Өз-өзіңізді қолға ұстай алмай жатқаныңызды сезсеңіз, өзіңізге қалай көмектесуге болады? Ренжігеніңізді немесе ашуланғаныңызды мойындаңыз. Қандай болса да, өз сезімдеріңізді мойындаңыз. Не сезінетініңізді дауыстап айтуға тырысып көріңіз. Эмоционалды күйіңізді қалпына келтіру үшін өзіңізге біраз уақыт бөліңіз. Қалпыңызға келу, көңіліңізді басқа жаққа аудару үшін біраз уақыт жалғыз қалыңыз, көшеде жүре тұрыңыз, жүгіріңіз, көршілеріңізбен басқа тақырыпқа сөйлесіңіз, ванна қабылдаңыз, терең тыныс алыңыз. Көңіл күйіңіз түскенін сезгенде қолданатын тәсілдеріңіз бар шығар, соны пайдаланыңыз. Ең бастысы, тынышталғанша балаңыздан алшақтап, біраз уақыт басқа жаққа кетіңіз.

Эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін өзіңіз сенетін және балалары өсіп қалған достарыңызға немесе кәсіби маманға хабарласыңыз, балаларды тәрбиелеу туралы кітап оқыңыз. месін, сөмкесін, қалтасын, компьютерін, тіпті күнделіктерін тексере аласыз. Олай істемес бұрын, жеке заттарын тексерудің себебін түсінуі үшін баламен өз уайымыңызбен бөлісіңіз. Мысалы, балаға: «Соңғы кезде өзгеріп (мазасызданып, өзіңді нашар сезініп жүргеніңді және мінез-құлқыңның басқа мысалдарын) жүргеніңді байқап жүрмін. Саған көмектескім келеді. Мұны тек сен және денсаулығың үшін қатты уайымдағанымнан істедім», – деңіз. Ата-анасы баласына бей-жай қарамағанын білген кейбір бала да өзін жақсы сезінеді. Есіңізде болсын, жасөспірім енді кішкентай бала емес, бірақ ересек адам да емес. Жасөспірімді жаныңызда «байлап» ұстаудың қажеті жоқ, сонымен бірге қажет болса, қолдау көрсету үшін, оған дер кезінде қол ұшын беру де маңызды. Маңызды: жасөспірімдердің ата-аналары үшін ең бастысы – «өзгеріс» кезеңінде отбасының әрбір мүшесі жағдайдың салдары үшін алаңдамай, өз пікірін ашық білдіре алатындай, жан тыныштығын және отбасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтау қажет. Шыдамдылық, түсіністік пен даналық тілейміз, құрметті ата-ана! Ата-анаға кеңес: ашулансаңыз, өзіңізге қалай көмектесуге болады: Есею кезінде бала өзін өзгеше ұстай бастайды.

Олар әдепсіздік таныта алады, темекі мен алкогольді байқап көре алады, ересектер не істесе, соны қайталауы мүмкін. Осы Жасөспірімнің ата-аналарына арналған ұсыныстар отбасында өсіп келе жатқан балаңызға сүйіспеншілік, қауіпсіздік және қолдау атмосферасын құруды жалғастырыңыз. Сізбен және балаңызбен басқалар қандай қарым-қатынас орнатқанын қаласаңыз, сіз де дәл солай қарым-қатынасты балаңызға орнатыңыз; жасөспіріміңізбен шетін тақырыптар туралы сөйлесуге уақыт табыңыз, онымен есейіп келе жатқан ересек адам кездесуі мүмкін барлық жайттар жөнінде ашық сөйлесіңіз (жыныстық даму, жеке гигиена, қызығушылық пен хоббиден бастап, мектептегі, колледждегі ерекше жағдайларға дейін); жасөспіріміңіздің кейбір маңызды сұрақтарына жауап айта алмасаңыз, ұялмастан мамандарға (дәрігерлерге, психологтарға, мұғалімдерге) жүгініңіз; есейіп келе жатқан балаңызды құрметтеңіз, сынамаңыз, оны құрдастарымен және басқа адамдармен салыстырмаңыз; жасөспіріміңізге кішіпейіл және қамқор болыңыз, оның не қалайтынын (қажеттіліктері туралы) сұраңыз, жасөспірімнің эмоционалды жағдайына назар аударыңыз; эмоционалды, менталды және физикалық байланыс орнату үшін мүмкіндігінше жиі уақыт бөлуге тырысыңыз (отбасылық фильмдерді бірлесіп көру, табиғатта серуендеу, таңертең жүгіру, бірлескен таңғы және кешкі ас және т. б.); алкоголь, есірткі және жыныстық мінезқұлыққа қатысты өз ұстанымыңызды нақты білдіріңіз; жасөспіріміңіздің жетістіктеріне шын қуаныңыз, отбасынан шығудың адекватты тәсілдерін қолдаңыз және оны ынталандырыңыз (жұмыс және өз бетінше шаруашылық жүргізу; білім алу мақсатында басқа қалаға, елге көшу); қамқор болыңыз, балаңыздың мінезқұлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз; есіңізде болсын, бала ата-ананың үлгісін қайталайды.

Онымен қарым-қатынаста дөрекілік танытсаңыз, келекелесеңіз немесе қол жұмсасаңыз, баланың дәл солай істейтініне таң қалмаңыз; жасөспірімнің жеке шекарасын бұзбаңыз, оның бөлмесін тазаламаңыз, заттарының орнын ауыстырмаңыз, қалтасын, сөмкелері мен хат-хабарларын тексермеңіз, күнделіктерін оқымаңыз. Баланың тәуекелі мол, қауіпті жағдайға тап болғанының айқын белгілерін байқасаңыз (мысалы, ұзақ депрессиялық күй, денесінің зақымдалуы, тамыр маңындағы инъекция ізі, кеңістіктегі бағыттан адасу, түсініксіз сөйлеу, айқын себептерсіз агрессивті мінез-құлық және т.б.), сонда ғана балаңыздың заттарын: бөл- 16 17 Отбасындағы сенімді қарым-қатынас үшін отбасы мүшелерінің ата-ана мен бала арасындағы позитивті эмоционалды бай - ланысты сақтауы өте маңызды. Тек жақсы эмоционалды байланыс, мейірім мен бірбірін қабылдау өсіп келе жатқан баланың отбасына деген қажеттілігі мен тиесілігі сезімін дамытады, сондай-ақ бүкіл әлемге деген ор - тақ сенімді қалыптастырады.

Дамудың кез келген кезеңіндегі бала өзін қажет және маңызды сезінуі, оны жақсы көретін, құрметтейтін, оның пікірін бағалай - тын, қалау- ын есепке алатын адам ретінде сезінуі керек.

Жасөспірімді тәрбиелеудегі сенімнің маңызы туралы Әсіресе жасөспірім кезде бала өзін әлсіз сезі - неді. Себебі, оның денесі тез және айтарлықтай өзгеретін жасөспірімдік кезеңді бастан өтке - реді, ал гормондардың әсерінен эмоционал - ды күй тұрақсыз болады.

Гормоналды өзгері - стерге бейімделе отырып, жасөспірім өзі үшін Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сенім үлкен рөл ойнайды – бұл құрметті және сүйіспеншілікке негізделген қарым-қа - тынастың құндылығы мен негізі. Жақсы және мықты отбасы әр мүшесі адал, әдепті, басқаға мейі- ріммен қарайтын, сенімді қа - рым-қатынас орнатқан жерден басталады. Әлемге деген басты сенім және сенімді қа - рым-қатынас отбасында қалыптасады. Мұ - ның бәрі нәрестені алғаш рет аялай ұстау - дан, ананың алғашқы күлімсіреуінен, нәресте дүниеге келген кезде, тіпті одан да ертерек – құрсақта басталады.

Себебі, сол кезең - де-ақ бала анасымен тығыз эмоционалды байланыста болады, ол оның барлық эмо - циясын, қобалжуы мен үмітін жақсы сезі - неді. Міне сондықтан жүктілік кезінде жан тыныштығын сақтау маңызды, сонымен қа - тар құрсақтағы баламен байланыс орнату да пайдалы, мысалы, балаңызбен сөйлесу, оған ертегілер оқу керек. Дүниеге келген соң бала отбасында өсіп, дамиды. Баланың дені сау тұлға болып өсуі 18 19 күшті және таныс емес эмоцияларды сезінеді. Көңіл күй жиі өзгеруі мүмкін, бұл жасөспірімге де, ата-анаға да абыржу, түсінбеу, сенімсіздік сезімін тудырады. Дәл осы кезеңде отбасындағы сенім мәсе - лесінде қиындықтар туындауы мүмкін. Жасөспірім кезеңдегі балаларды тәрбиелеуде - гі ең күрделі қателіктердің бірі – ересектердің сенімсіздік тудыруы.

Жасөспірім ата-ананың шамадан тыс бақылауына қатты уайымдай - ды, ата-ана жаман нәрседен қауіптеніп, қат - ты күдіктенген кезде бала оларды «шектен шықты» деп қабылдауы мүмкін. Мысалы, кей - бір ата-ана мұғалімге немесе сыныптастары - на қоңырау шалып, баланың бұрын бөліскен ақпаратын қайта тексереді.

Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтауға не көмектеседі? 1. Отбасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтаудың маңызды шарты ерлі-зайыпты - лар, ата-аналар мен балалар арасындағы дұрыс, сенімді, тығыз, ашық қарым-қаты - нас және эмоционалды байланыс. Бірін-бірі түсіну және сезіну дегеніміз – отбасының әр мүшесінің басқа адамның сезімін құрметте - уі, қиын сәтте қабылдай және қолдай алуы, өз сезімдері туралы айта алуы. Мысалы, «Осылай болғаны өте өкінішті. Сені қатты қолдағым келеді» немесе «Дәл қазір қатты ренжіп тұрмын, себебі сен мені естімейтін сияқтысың». 2. Сенімді қарым-қатынасты сақтауда шынайылық өте маңызды. Баланың және отбасының әрбір мүшесінің өмірінде не болып жатқанына шынайы қызығу керек. Шынайылық – өзара түсіністікті қалыптастыратын негізгі кірпіш. 3. Бір-бірін тыңдау және есту – сенімді қа - рым-қатынас пен жалпы сенімді сақтаудың маңызды шарты. Балаңыздың сізді тыңдайтынын түсіну үшін дұрыс сұрақтар қою арқылы оны тексеруді үйрену керек. Мысалы, «Осы мәселе туралы не ойлай - сың», «Ойыңды білгім келеді».

Балаңызды немесе жағдайды қалай түсінгеніңіз тура - лы балаңызға айту өте маңызды. Мысалы, «Дұрыс түсіндім бе?», – деп түсінгеніңіз туралы айтыңыз. Сөйлескен кезде телефонды ұстап тұрмаңыз, көзіне қараңыз, сабырлы және ашық болыңыз, түсінбегеніңізді қайталап сұраңыз. Баланың сөзіне, дене қимылына, екпіні мен көңіл-күйіне мұқи - ят қараңыз. Әңгіме сізге шынымен қызық екенін көрсетіңіз. 4. Адалдық – сенімді қарым-қатынас орна - тудың маңызды бөлігі. Балаңыздың алдын - да адал болсаңыз, сөзіңіз бен ісіңіз бір жер - ден шықса, балаңыз сізге сенеді. 20 21 5.

Сенім мен сенімді қарым-қатынасты сақтау үшін бүкіл отбасы ұстанатын отбасылық дәстүрлер, пайдалы әдеттер үлкен рөл атқарады, мысалы: отбасылық дәстүрге мерекелер өткізу, демалыс күндері бірге уақыт өткізу, кино мен театрға бару, бүкіл отбасымен кітап оқу, ашық ауада демалу, тамақ дайындау, қолөнер және хобби, таңертең жүгіру, тауға немесе саңырауқұлақ теруге бару, балық аулау және отбасымен бірге айналысуға болатын басқа да қызықты істер кіреді; пайдалы әдетті қайырлы таң тілеуден бастауға болады.

Отбасыңыз таңды жақсы сөз бен бірлескен таңғы астан Жасөспірімнің мектептегі үлгерімі Мектеп – бала көп уақытын өткізетін орын. Мұнда олар осы әлемнің қалай жаралғаны туралы негізгі білім көзімен танысып қана қоймай, оған қоса әртүрлі адаммен (балалармен, мұғалімдермен) қарым-қатынас жасауға, әлеуметтену дағдыларын игеруге мүмкіндік алады. Жасөспірім кезінде бала жеке оқу пәндеріне немесе тақырыптарға ерекше назар аудара және қызыға бастайды.

Әдетте өздері үшін қажет немесе қызықты деп санайтын пәндер – би, әдебиет, физика, биология немесе музыка болуы мүмкін. Жасөспірімдерге кейбір тақырыпқа көбірек қызығып, басқа тақырыпқа немқұрайлы қарау мінезі тән. бастаса, үстел басында сөйлесуге 15–20 минут арнап, сол күнді жақсы өткізуге тілек айтып жүрсе, сенімді нығайтасыз; бірлескен кешкі ас та пайдалы әдетке айналуы мүмкін, онда отбасының әрбір мүшесі сол күн туралы әсерімен бөлісе алады, жеңістері, қолынан келмеген іс туралы айтып береді. Ата-анаға арналған сұрақтар:

Отбасыңызда қандай дәстүр мен пайдалы әдеттер бар? Отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін ерекше бір нәрсе бар ма? Бұл мәселелерді балалармен талқылау пайдалы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет