Тақырыбы: Жазылым дағдыларының ішкі кезеңдері.(жазу алдында; жазу кезеңі; жазудан кейін) Орындаған


Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше



бет2/5
Дата06.05.2023
өлшемі372,64 Kb.
#90731
1   2   3   4   5
Байланысты:
әдебиет 9 апта

Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше
қадамдар жасалады:
1. Әуелі жазғың келетін нәрсенің мақсатын анықтап алу (тақырып, идея, оқырман,
стиль, жанр).
2. Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау.
3. Шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру.
4. Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру).
5. Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу).
6. Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу


Қазіргі кезде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде, жазбаша тілдерін дамытуда «РАФТ», «INSERT», «Екі түрлі түсінік күнделігі», «Еркін жазу», «Бес жолды өлең» (синквейн), «Түртіп алу», «Төрт сөйлем», «Қосжазба күнделігі», т.б. стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану өте тиімді.


Жазылым дағдысына арналған тапсырма үлгілері:


Ауылда

Ауылға барғанымда қауын - ........ әбден тойдық. Әжем бізді көргенде қатты қуанды. Қыста сақтаған ..... - қартасын қазанға салды. Шай дайындалып, дастарханға қою ....., тәтті сары ...., майға пісірілген ыстық ........, жесең тіліңді үйіретін ..... әкеліп қойды.


(35 сөз)
1. Мәтінді түсініп оқып, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып шық.
2. Осы мәтінге сүйене отырып, өз ауылың жайлы әңгіме құрастырып, жаз.
3. Осы мәтінге лайық мақалды таңда.
А. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.
Ә. Ел іші – береке, Көп ісі – мереке.+
Б. Туған жердің тасы да таныс
В. Отансыздың оты жанбайды.
Торғай мен адам

Өткен заманда бір саясатшы тор құрып қойса, торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп былай депті:


– Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсалықпен өлемін. Мені еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, – депті.
– Кәне, ақылыңды айт, – депті адам.
– Жарайды, бір ауызын қолыңда, бір ауызын жерге түскен соң айтайын. Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда, өкпем қысылып ештеңе айта алмаймын, – депті торғай. Аңшы босатыпты. Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші – көзбен көрмей сенбе! – депті. Торғай анадай жерге қонып отырып: – сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді, – дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты. Торғай әр жерге ұшып қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң, адамға былай дейді: «Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сыяды? Бұл бір. Екінші – мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе» – деп ұшып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет