Тақырыбы: «Жеңіс туын тіккен қазақ батыры» Мақсаты



бет4/6
Дата16.05.2023
өлшемі75,41 Kb.
#93322
1   2   3   4   5   6

1-жүргізуші:
Бір өкініштісі Кеңес үкіметі Рейхстагқа ту тіккен орыстар мен грузиндер болуы керек деп,Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін жасырып, мойындамай қойды. Алайда, сол кездегi КСРО басшылары әдiлетсiз шешiм қабылдап, Қошқарбаевқа ең жоғарғы награданың орнына «Қызыл Ту» орденiн береді. Арада жарты ғасыр өткен соң, ресми Мәскеу тарихи қателiктi түзетiп, қазақ батырының ерлiгiн мойындауға мәжбүр болады. Тарихи деректерге сәйкес, сол күнi Рейхстагтың төбесiнде 40 жалау желбiреген екен. Алайда олардың тек тоғызы ғана жеңiс туы, қалғандары шабуылға қатысқан әскери бөлiмшелердiң байрақтары көрiнедi. Қазақ батырының нағыз жеңiс туын бәрiнен бұрын тiккенi бүгінде әбден дәлелденді.

1-жүргізуші: Жеңістің шеті көріне бастағаннан –ақ кеңес үкіметі идеологтары тарихты өз қажетінше жазып шығуды көздеді. Мұны алғашқы ту тігушілер Егоров пен Кантария деп дәріптеп жазған генерал Федор Лисицынның шығармаларынан көруге болады.
2-жүргізуші: Рақымжан Қошқарбаевтың генерал Федор Лисицынға жазған хатынан үзінді оқитын---------------
«Тағдырлы хаттар»
Қадірлі генерал!
Сол сұрапыл жылдарда, Отанға деген сүйіспеншілік пен ар-намыс таразыға салынған кезде, еліміздің әр азаматы жан аямай шайқасты. Атақ пен награда үшін емес. Азаттық пен болашақ өмір үшін өлімге тікті жандарын. Сондықтан да, ол күндер жайында естелік жазу аса жауапты іс.
Сіз өз естеліктеріңізде шындықты әдейі бұрмалап жазғансыз. Оны әскери архивтердің негізінде дәлелдеу қиын емес. Сіз генерал Шаталовтың естеліктеріне сүйендім депсіз. Шаталов ол кезде дивизия командирі ретінде соғыс алаңынан алшақ жерде орналасқан штабта болатын. Сондықтан, операция барысын ол тек штабқа жеткізілген хабарлардан біліп отырды.
Шын мәнінде Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен Булатов пен екеуміз едік. Оны дәлелдейтін талай куәгерлер де бар.
3-ші армияның басшылығы жіберген қателіктің кесірінен жауынгер – Григорий Петрович Булатов өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. 3-ші армияның әскери кеңесі мен сіз сияқтыларға оңды теріс айналдыру неге қажет болғанын әлі күнге дейін түсіне алмай келемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет