Тақырыбы: «Жеңіс туын тіккен қазақ батыры» Мақсаты


Сәлеммен Рақымжан Қошқарбаев



бет5/6
Дата16.05.2023
өлшемі75,41 Kb.
#93322
1   2   3   4   5   6
Сәлеммен Рақымжан Қошқарбаев.
1-жүргізуші: Рейхстагқа ту тіккен кезінде Рақымжан бар болғаны 20 жаста , ал оның жанындағы Григорий Булатовтың жасы 19-да еді, тіптен бозбалалар десең де болады. Олардың бұндай әділетсіздікке қалай жол берілгеніне түсінбеуі ғажап емес. Кейін есейе келе мәселенің байыбына түсінген Рақымжан ағамыз полковник Зинченкоға 7 қаңтар 1975жылы хат жазады. Осы хатты оқитын---------------
Полковник жолдас!
Мұндай қателіктің неліктен орын алғанын сіз менен жақсы білесіз. Егер де менің фамилиям сол кезде Қошқарбаев емес, Қошқаберидзе болса, бәрі де өз орнында болар еді. Менің де адал сөзіме сеніңіз. Мен қазақ халқының ұлы болып туылғаныма еш өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.
Сондықтан да, сіз бен басқа да генералдар шындықты қанша бұрмаласа да, қазақ халқының баласы орыс жігіті Булатовпен бірге 30 сәуір күні Рейхстагтың төбесіне алғашқы болып ту тіккені – тарихи шындық. Жылдар өтер. Сіз бен біз де өтерміз бұл дүниеден.
Алайда, халық, уақыт өте келе әскери мұрағаттардың негізінде ақ-қарасын ажыратып, әрқайсымыздың ісімізге әділ баға беретініне өз басым кәміл сенемін.
Әскери сәлеммен Рақымжан Қошқарбаев.

2-жүргізуші: Оның Ұлы Отан соғысы кезінде командирлері тарапынан, бейбіт заманда қазақстандық зиялы қауым атынан бірнеше рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғанына қарамастан, батырдың өшпес ерлігі көзі тірісінде өз дәрежесінде бағаланбады.
1-жүргізуші: Батыр дүниеден озған соң еліміз тәуелсіздік алды. Қазақтың өшкені жанып, өлгені тірілді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихи әділдікті қалпына келтіріп, өзінің 1999 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаевқа Қазақстанның «Халық Қаһарманы» атағын берді. Оның сипаттамасында ұзақ жылдар бойы орын алып келген батыр ерлігіне деген әділетсіздік тас-талқан етіліп, «жеңіс туын тіккен» деген жігерлі сөздер жазылды.



«День победы» хор
2-жүргізуші: Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматыда қайтыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет