Жағдаятты талдау
Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, жағдаяттарды шешуді ұсынады.
Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...
Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...
Жағдаятты топпен, жекелей орындауға болады. Балалар өз шешімдерін
жария етеді.
Жаңа ақпарат
Оқушылардың «қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мұғалім оқулықта берілген жаңа ақпаратпен таныстырады:
Мейірімді адам өзге адамға, туған-туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім дептерде орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді:
Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап, бос торкөздерге жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |