Сабақтың тақырыбы: «Алдымен сүй ардақта ата-анаңды»
Мақсаты:
а) Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Барысы:
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
О, Ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.
Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана – жарық дүниеге әкелуші.
Адамның ақылы қайда балалар, кім айтады екен?
Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Адамға ақыл беретін кім балалар?
Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Енді балалар өмірде не жетім? – деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Өмірде жеті жетім бар.
Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.
Халқына сенімсіз болса, хан жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
Суы жоқ – құдық жетім.
Досы жоқ – жігіт жетім.
Шәкіртсіз – ұстаз жетім.
Қызы жетесіз болса, ана жетім.
Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер!
Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
Бала тәрбиесі – бесіктен, - дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
- Ата-ананы ренжітпе,
Түнде суға барма,
Таңдайыңды қақпа,
Кісіге қарап есінеме,
Дастарқанға қарап жөтелме,
Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,
Нанды баспа,
Табаныңды тартпа,
Қолыңды төбеңе қойма.
Сонымен, балалар біз сенің ата-ана қандай деген сызбанұсқаны толтырып жіберйік.
Мақал-мәтелді жалғастыр:
1. Сіз деген әдеп... Біз деген көмек
2.Ана алдында – құрмет... Әке алдында қызмет
3.Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без…Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без
4. Әдептілік белгісі …Иіліп сәлем бергені
5.Ана сүтін ақтамағанды… Ешкім жақтамайды
6.Қыз-қонақ
7.Әке көрген оқ жонар...Ана көрген тон пішер
8. Анасына қарап...Қызын ал
Достарыңызбен бөлісу: |