Тақырыбы: «Жүрек жылуы»


Түрі: Тренинг сабақ Құрал-жабдықтар



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі41,93 Kb.
#12810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Балаға жүрек жылуы

Түрі: Тренинг сабақ

Құрал-жабдықтар: Ватман қағазы, қайшы, маркер,  түрлі-түсті қағаз, желім, ойыншық,суреттер,интерактивті тақта.

                           Жоспар:



  1. «Жылулықты сезіну» жаттығу.

  2. «Жұмбақ суреттер» жаттығу.

  3. «Кім нені жақсы көреді?» жаттығу.

  4. «Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығу.

  5. Сергіту сәті

  6. «Жүрек жылуы» жаттығу.

 

                     Сабақтың барысы:   

                                       1.«Жылулық сезіну» жаттығуы.

Тренингке қатысушы оқушылар шеңбер құрып тұрады да,  жұмсақ ойыншықты жылжыту арқылы көршісіне жылы лебіз, тілек білдіру ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бәрі қолдарынан ұстап жылулық сыйлайды.

 

                                       2.«Жұмбақ суреттер» жаттығуы



Дорбада бірнеше көкеніс, жануар, өсімдіктердің  жартылай суреттері берілген. Бала көзін  жұмып дорбадағы кез-келген затты алу керек. Содан кейін алған заттың суретіне қарап бұл қай жануар, өсімдік немесе көкеніс екенін тауып тақтаға жазу керек.Таба алмаған оқушыға қалған оқушылар қимыл әрекет арқылы көмектеседі.

                          

                          3.«Кім нені  жақсы көреді?» жаттығуы.

Тәттіні жақсы көретіндер бір қадам алға, мысықтары барлар оң қолдарын көтереді, футболды жақсы көретіндер тізерлеп  отырады, сурет салғанды ұнататындар шапалақ ұрады,  т.б. Жаттығу соңында кім  мейірімді оқушы солар қолдарынан ұстасады. Оқушыларды  біріктіретін нәрселер көп екінін айтып түсіндіру.

 

 

                    4.«Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығуы.



 

 

 



 

Менің ең жақсы нышандарым

Менің қабілеттерім мен таланттарым

Менің жетістіктерім

 

Нұсқау:

  1. Бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы ерекшеліктерін айту.

  2. Мақтан ететін әр түрлі қабілеттері мен таланттары туралы айту.

  3. Бұл бағанға өзінің ең жақын досы туралы айту.

  4. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі

 

 

                             6.«Жүрек жылуы» жаттығуы.



Оқушылар жаңа бүршік жарған ағашымызға өзіміздің жүрек жылуымызды бере отырып,  оның жайқалып, құлпырып өсуіне көмек берейік. Осы тренингте алған әсерлерімізді ортаға салып, өз жылы лебіз, тілектеріңізді жазып  ілейік.

Талдау:

Тренинг кезінде алған әсеріңіз?

Мектепке, сыныпқа деген көзқарасыңыз қандай?

 

Қорытынды. Бүгінгі тренингке белсенділікпен жақсы қатыстыңыздар.



Алдағы уақытта сіздерге жақсы оқу, шығармашылық табыс тілеймін.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет