Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар, 1918 жылғы көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин жоне И.В.Сталинмен Қазақавтономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шілдеде шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жылы майда Оралда өткен қазақ съезінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымниты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс бөлімін күру жайын іс қағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мұндай бөлінуі болмаған'". Осының бәрін ескере отырып, Алашор-аның батыс бөлімін жеке үйым деп есептеуғе болмайды -деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде.
"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында окілетті окімет биліктерін үйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне" ақырына дейін адал болып қатған әскер болімдерінің атамандарымен оскери одақ қүрып, олардан қару-жарақ алмақ болды. Алаш үкіметінің төрагасы Ә.Бокейханов 1919 жылдың басында Омбыда Колчактан қару-жарақ сұрау ниетімен барғанда Алаш Орда үкіметіне бағынышты әскердің құрамын, түрған жерін санын айтады: солардың ішінде: Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған құпия хатында атты қазақтардың қыстағанына қарамастан Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында қара беріп кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын кушейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-революңия советінің мүшесі ЛежаваМюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекеттерін тездетіп, қазақ даласын ақтардан тазартуларын өтінгендерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулерін өтінеді.