ТАҚырыбы: Кеңес Өкіметінің орнауы Орындаған: Абубакир Н

бет3/8
Дата18.11.2023
өлшемі9,44 Mb.
#124473
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Семинар 15

Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш« партиясының кезекті (үшінші) съезін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бокейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан тұратын милиция формасындағы үлттық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі. Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шілденің 21-28-інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық I съезінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: "Русия демократическая, парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс"' деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілік жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.

Ал қазақтың ұлттық-территориялық мәселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласындағы жалпы қазақтың II съезінде заңды түрде бекітті. Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан тұратын саяси құжатта қазақ елінің ұлттық, тілекмақсатының негізгілері баяндалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекеттік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекеттен бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болып табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер кұру мен салық салу ісін ұйымдастыру, "түземдіктердің" жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет