Тақырыбы: «Кептірілген жемістер» кәсібі. 3 Дәруменге бай, табиғи. Өз қасиетінің 97% сақталған. Лимон және цитрус тосабы



бет4/4
Дата20.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#44443
1   2   3   4
Байланысты:
ҚФ-21 БИЗНЕС

Бизнес тәуекелділігі


1.Табиғи факторлар
Табиғи факторларға- су тасқыны, аса көп ылғалдылық, сел, қатты жаңбыр жатуы мүмкін. Осының кесірінен астық дұрыс өспеуі, резервтегі азық-түлік мөлшері азайып, немесе бұзылып кетуі мүмкін.
2.Өндірістік факторлар
Крафт-пакеттің дұрыс қапталмауы, кептіретін машинаны дұрыс қолданбау, көбірек немесе азырақ кептіріп қою өнімнің сапасына кері әсер беруі мүмкін.
3.Бәсекелестер
Кептірілген жемістер базарда, дүкендерде сатылымда көп өнім. Біздің бизнес-жоспар өзектілігі оның балғындығында. Сол үшін егер маркетинг дұрыс жасалмаса, мақсатты аудитория табу өте қиын болады.
4. Саяси тәуекелдер
Әлемде болатын жағдайлар бізге тікелей қатысты деп ойлаймын. Қазақстан көп жемістерді Өзбекстан, Тәжікәстан т.б елдерден алады. Егер Қазақстанға санкциялар қолданылып, импортқа тыйым салынып жатса, інжір деген секілді сол елдерден алынатын жемістермен мәселелер туындайды
Қорытынды:
Сүйікті іспен айналысып, уақыт пен қаражатқа қожайын болу, табысқа кенелу, армандар мен мақсаттарға қол жеткізу – сәтті құрылған кәсіптің жемісі. Кәсіпте айтарлықтай тәжірибеңіз бен қаражатыңыз жоқ болса, қаймықпаңыз! Ең бастысы - сол іске деген құштарлығыңыздың болуы шарт. Бұл істе ешқашан ұмытпай, есте сақтау қажет бір дүние бар, ол: «әрекет пен қарекетіңіз әрқашан сіздің серігіңізге айналсын»!
Халық үшін пайдасы:
Ағзаға жеңіл сіңеді, дұрыс тамақтануды қолдайды.
Сұранысқа ие, калориясы аз Еуропалық тағам түрі.
Дәруменге өте бай, ұзақ уақыт тоқ жүруге болады.
Артық салмақтан арылуға таптырмас тағам түрі.
Кептірілген жеміс шайы жүрекке өте пайдалы.
«Қант диабеті» ж/е т.б. көп ауруларға қарсы пайдасы бар.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет